Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7


-бап. Некеге тұратын адамдарды медициналық тексеру



Pdf көрінісі
бет36/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   187
Байланысты:
отбасы кукыгы китап

12-бап. Некеге тұратын адамдарды медициналық тексеру 
1.  Некеге  тұруға  тілек  білдіруші  адамдарға  медициналық, 
сондай-ақ 
медициналық-генетикалық 
мəселелер 
жəне 
репродукциялық 
денсаулық 
қорғау 
мəселелері 
бойынша 
консультация  беру  мен  тексеруді  мамандандырылған  денсаулық 
сақтау  мекемелері  жəне  некеге  тұратын  адамдардың  екеуінің 
келісімімен ғана жүргізеді.  
2.  Некеге  тұратын  адамдарды  тексерудің  нəтижелері 
медициналық  құпия  болып  табылады  жəне  ол  некеге  тұруға 
ниеттенген  адамға  тексеруден  өткен  адамның  келісімімен  ғана 
хабарлануы мүмкін.  
 
13-бап. Некеге тұру тəртібі 
1.  Некеге  тұратын  адамдардың  тікелей  қатысуымен  неке 
мемлекеттік  азаматтық  хал  актілерін  жазу  органдарында 
қиылады.  
Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі азаматтық хал 
актілерін  жазу  органына  келе  алмайтын  ерекше  жағдайларда 
неке мұндай адамның тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін. 
Неке қию кезінде өкіл жіберуге жол берілмейді. 
2.  Некені  қию  некеге  тұруға  тілек  білдірушілер  азаматтық  хал 
актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім 
өткен соң жүргізіледі. 


Дəлелді  себептер  болған  жағдайда  неке  қиюды  мемлекеттік 
тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай 
өткенге  дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ 
бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін. 
Ерекше  мəн-жайлар  болған  кезде  (жүктілік,  бала  тууы,  бір 
тараптың  өміріне  тікелей  қауіп  төнуі  жəне  басқа  да  ерекше  мəн-
жайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін. 
3.  Неке  қиюды  мемлекеттік  тіркеу  азаматтық  хал  актілерін 
мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тəртіппен жүргізіледі. 
4.  Азаматтық  хал  актілерін  жазу  органдарының  некені 
тіркеуден бас тартуына некеге тұруға тілек білдіруші адамдар не 
олардың біреуі сотқа шағым жасай алады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет