14-бап. Жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы жəне оны өлді немесе олардың біреуі хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан некенің тоқтатылуы 1. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе
сот оны өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау
салдарынан тоқтатылады.
2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-
ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген жəне тиісті сот
шешімі күшін жойған жағдайда некені ерлі-зайыптылардың
бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы
қалпына келтіруі мүмкін.
3. Егер жұбайлардың екіншісі жаңа некеге отырса, некені
қалпына келтіруге болмайды.
Егер неке қию кезінде тараптарға (немесе тараптардың
біреуіне) қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті деп
танылған жұбайы тірі екені белгілі болса, бұл ереже
қолданылмайды.