9-бап. Некеге тұру шарттары 1. Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен əйелдің өзара
ерікті келісімі жəне олардың неке жасына жетуі қажет.
2. Неке осы Заңның 11-бабында аталған мəн-жайлар болған
жағдайда қиылмайды.
10-бап. Неке жасы 1. Неке жасы еркектер мен əйелдер үшін он сегіз жас болып
белгіленеді.
2. Дəлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны
бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі
жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.
3. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек
білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары
(қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін
туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады.
4. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге
тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі.
5. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-
аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат
етіледі.