Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7


-бап. Некені жарамсыз деп танудың салдары



Pdf көрінісі
бет47/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   187
Байланысты:
отбасы кукыгы китап

27-бап. Некені жарамсыз деп танудың салдары 
1.  Сот  жарамсыз  деп  таныған  неке,  осы  баптың 4 жəне 5-
тармақтарында  белгіленген  жағдайларды  қоспағанда,  ерлі-
зайыптылардың осы Заңда көзделген құқықтары мен міндеттерін 
туғызбайды.  
2.  Некесі  жарамсыз  деп  танылған  адамдар  бірлесіп  сатып 
алған  мүліктің  құқықтық  режимі  Қазақстан  Республикасы 
Азаматтық  кодексінің  үлестік  меншік  туралы  ережелерімен 
реттеледі.  Ерлі-зайыптылар  жасасқан  неке  шарты  (осы  Заңның 
38-40-баптары) жарамсыз деп танылады.  
3. Некені жарамсыз деп тану мұндай некеде туған немесе неке 
жарамсыз  деп  танылған  күннен  бастап  екі  жүз  жетпіс  күн  ішінде 
туған  балалардың  құқығына  нұқсан  келтірмейді  (осы  Заңның 46-
бабының 2-тармағы).  
4.  Некені  жарамсыз  деп  тану  туралы  шешім  шығарған  кезде 
сот  некені  жарамсыз  деп  тану  үшін  негізге  алынған  мəн-
жайлардан некеге тұру кезінде бейхабар болған жұбайдың (адал 
ниетті  жұбай)  екінші  жұбайдан  осы  Заңның 134, 135-баптарына 
сəйкес  асырауға  қаражат  алу  құқығын  тануға  құқылы,  ал  некені 
жарамсыз деп таныған кезге дейін бірлесіп сатып алынған мүлікті 
бөлуге  қатысты  осы  Заңның 32, 36, 37-баптарында  белгіленген 
ережелерді  қолдануға,  сондай-ақ  неке  шартын  толық  немесе 
ішінара жарамды деп тануға құқылы. 
Адал  ниетті  жұбай  азаматтық  заңдарда  көзделген  ережелер 
бойынша өзіне келтірілген материалдық жəне моральдық зиянды 
өтеуді талап етуге құқылы. 
5.  Адал  ниетті  жұбай  некені  жарамсыз  деп  таныған  кезде  өзі 
неке  қиюды  мемлекеттік  тіркеу  кезінде  таңдаған  тегін  сақтап 
қалуға құқылы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет