МЕН МІНДЕТТЕРІ
28-бап. Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің
туындауы
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал
актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген
күннен бастап туындайды.
29-бап. Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі
1. Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады жəне тең
міндеттер атқарады.
2. Ерлі-зайыптылардың əрқайсысы қызмет, кəсіп түрін,
тұрғылықты жерді таңдауда ерікті.
3. Ана, əке болу, балаларды тəрбиелеу, оларға білім беру
мəселелері мен отбасы өмірінің басқа да мəселелерін ерлі-
зайыптылар бірлесіп шешеді.
4. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара
сыйластық жəне өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі
мен нығаюына жəрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына,
өсіп-жетілуіне жəне олардың əл-ауқаты жағдайына қамқорлық
жасауға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: