53-бап. Баланың ата-анасымен жəне басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығы 1. Баланың ата-анасының екеуімен де, аталарымен,
əжелерімен, аға- інілерімен, апа-сіңлілерімен (қарындастарымен)
жəне басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.
Ата-анасы некесінің бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы
немесе ата-анасының бөлек тұруы баланың құқығына əсер
етпеуге тиіс.
Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың
əрқайсысымен қарым- қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы
əртүрлі мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың өз ата-
анасымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.
2. Қысыл-таяң жағдайға (ұсталу, тұтқындалу, қамауға алыну,
емдеу мекемесінде болу жəне т.с.с) ұшыраған баланың заңда
белгіленген тəртіппен өзінің ата-анасымен жəне басқа да
туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.