Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7



Pdf көрінісі
бет70/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   187
Байланысты:
отбасы кукыгы китап

 
59-бап. Баланың қорғалу құқығы 
1.  Баланың  өз  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғауға 
құқығы бар.  
Баланың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғауды  ата-
анасы  (олардың  орнындағы  адамдар),  ал  осы  заңда  көзделген 
жағдайларда қорғаншы жəне қамқоршы орган, прокурор жəне сот 
жүзеге асырады. 
Кəмелетке  толғанға  дейін  заңға  сəйкес  əрекетке  толық 
қабілетті  деп  танылған  кəмелетке  толмаған  адамның  өз 
құқықтары  мен  міндеттерін,  оның  ішінде  қорғалу  құқығын  өз 
бетінше жүзеге асыруға құқығы бар. 
2.  Баланың  ата-анасының  (олардың  орнындағы  адамдардың) 
тарапынан жасалған қиянаттан қорғалуға құқығы бар. 
Баланың  құқықтары  мен  заңды  мүдделері  бұзылған  кезде, 
оның  ішінде  ата-  анасының  (олардың  біреуінің  немесе  олардың 
орнындағы  адамдардың)  баланы  асырап-бағу,  тəрбиелеу,  оған 
білім  беру  жөніндегі  міндеттерін  орындамауы  кезінде  немесе 
тиісті  дəрежеде  орындамауы  кезінде  не  ата-ана  (қорғаншы, 
қамқоршы) құқығын теріс пайдалану кезінде бала қорғаншы жəне 
қамқоршы  органға,  ал  он  төрт  жасқа  толғанда - сотқа  өзінің 
құқықтарын қорғау үшін өз бетінше өтініш жасауға құқылы. 
3.  Баланың  өміріне  немесе  денсаулығына  қауіп  төнгендігі 
туралы,  оның  құқықтары  мен  заңды  мүдделерінің  бұзылғандығы 
туралы  белгілі  болған  ұйымдардың  лауазымды  адамдары  мен 
өзге  де  азаматтар  ол  жөнінде  баланың  іс  жүзінде  тұратын  жері 
бойынша қорғаншы жəне қамқоршы органға хабарлауға міндетті. 
Мұндай  мəліметтерді  алған  жағдайда  қорғаншы  жəне  қамқоршы 
орган  баланың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғау  жөнінде 
қажетті шаралар қолдануға міндетті.  


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет