қалған балаларға арналған мекемелердің жəне басқаларының)
арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша
қаралады.
2. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен
қорғаншы жəне қамқоршы органның қатысуымен қаралады.
3. Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-
ана құқығынан айырылған ата-аналардан (олардың біреуінен)
алимент өндіріп алу туралы мəселені шешеді.
4. Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде
ата- аналардың (олардың біреуінің) іс-əрекетінен қылмыстық
жазаланатын əрекетті байқаса, мұны жеке қаулымен прокурор
назарына жеткізуге міндетті.
5. Сот ата-ана құқығынан айыру туралы соттың шешімі заңды
күшіне енген күннен бастап үш күннің ішінде бұл шешімнің
көшірмесін баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны бойынша
азаматтық хал актілерін жазу органы мен қорғаншы жəне
қамқоршы органға жолдауға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: