жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте
болады.
3. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге
міндетті.
Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім
алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын
таңдауға құқығы бар.
4. Балалардың тəрбиесі мен білім алуына қатысты барлық
мəселелерді балалардың мүдделерін негізге алып жəне
балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-
аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған
жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін
қорғаншы жəне қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: