10-тарау АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 60-бап. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігі 1. Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары тең жəне
міндеттері (ата-ана құқықтары) тең болады.
2. Осы тарауда көзделген ата-ана құқықтары балалары он
сегіз жасқа (кəмелетке) толғанда, сондай-ақ кəмелетке толмаған
балалар некеге тұрған кезде тоқтатылады.
61-бап. Кəмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары 1. Кəмелетке толмаған ата-аналардың баласымен бірге тұруға
жəне оны тəрбиелеуге қатысуға құқығы бар.
2. Некеге тұрмаған, кəмелетке толмаған ата-аналар олар бала
туған жағдайда жəне олардың ана жəне (немесе) əке болуы
анықталған жағдайда өздері он алты жасқа толғанда ата-ана
құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқылы. Кəмелетке толмаған
ата-аналар он алты жасқа толғанға дейін қорғаншы жəне
қамқоршы орган балаға қорғаншы тағайындайды, ол баланың
кəмелетке толмаған ата-аналарымен бірге оны тəрбиелеуді
жүзеге асырады. Баланың қорғаншысы мен кəмелетке толмаған
ата-ананың арасында туындаған келіспеушілікті қорғаншы жəне
қамқоршы орган шешеді.
3. Кəмелетке толмаған ата-аналардың жалпы негіздерде
өздерінің əке жəне ана болуын мойындауға жəне оған дау айтуға
құқығы бар, сондай-ақ олардың он төрт жасқа толғаннан кейін сот
тəртібімен өз балаларына қатысты əке болуын анықтауды талап
етуге құқығы бар.