11-тарау АТА-АНА ҚҰҚЫҚТАРЫНАН АЙЫРУ ЖƏНЕ ОЛАРДЫ ШЕКТЕУ 67-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру 1. Егер ата-аналар (олардың біреуі):
1) ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент
төлеуден қасақана жалтаратын болса;
2) өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де
балаларды тəрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден
алудан дəлелді себептерсіз бас тартса;
3) өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;
4) балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде олардың
денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың
жыныстық пəктігіне қастандық жасаса;
5)
заңдарда
белгіленген
тəртіппен
маскүнемдікпен,
нашақорлықпен жəне уытқұмарлықпен ауырады деп танылған
болса, олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.
2. Өз балаларының не жұбайының өміріне немесе
денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған жағдайда ата-
аналар (олардың біреуі) ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.