65-бап.Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыруы 1. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен қарым-
қатынас жасауға, оны тəрбиелеуге жəне баланың білім алуы
мəселелерін шешуге қатысуға құқығы бар.
Бала бірге тұратын ата-ана, егер мұндай қарым-қатынас жасау
баланың
дене
жəне
психикалық
денсаулығына,
оның
адамгершілік дамуына зиян келтірмесе, баланың екінші ата-
анасымен қарым-қатынас жасауына кедергі болмауға тиіс.
2. Ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың
тұратын жері ата-аналарының келісімімен белгіленеді.
Келісім болмаған жағдайда ата-аналардың арасындағы дауды
балалардың мүдделерін негізге алып жəне балалардың пікірін
ескере отырып сот шешеді. Бұл орайда сот баланың ата-
аналардың əрқайсысына, аға-інілері мен апа- сіңлілеріне
(қарындастарына) үйірлігін, баланың жасын, ата-аналардың
адамгершілік жəне өзге де жеке қасиеттерін, ата-аналардың
əрқайсысы мен баланың арасында орын алған қатынастарды,
олардың дамыту жəне тəрбиелеу үшін балаға жағдай жасау
мүмкіндігін (ата-аналар қызметінің түрі, жұмыс режимі,
материалдық жəне отбасылық жағдайы жəне т.с.с) ескереді.
3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана
құқығын жүзеге асыру тəртібі туралы жазбаша түрде келісім
жасасуға құқылы.
Егер ата-аналар келісімге келе алмаса, ата-аналардың
(олардың біреуінің) талап етуі бойынша дауды қорғаншы жəне
қамқоршы органның қатысуымен сот шешеді.
4. Соттың шешімі орындалмаған жағдайда кінəлі ата-анаға
заңдарда көзделген шаралар қолданылады.
Сот шешімі қасақана орындалмаған жағдайда баладан бөлек
тұратын ата- ананың талап етуі бойынша сот баланың
мүдделерін негізге алып жəне баланың пікірін ескере отырып,
баланы соған беру туралы шешім шығара алады.
5. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың өз баласы туралы
тəрбие, емдеу мекемелері мен басқа да мекемелерден ақпарат
алуға құқығы бар.
Ақпарат беруден ата-ана тарапынан баланың өмірі мен
денсаулығына қатер болған жағдайларда ғана бас тартылуы
мүмкін. Ақпарат беруден бас тартуға сот тəртібімен дау айтылуы
мүмкін.