64-бап. Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделерін көздей отырып жүзеге асыру Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы
жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз
ету олардың ата-аналары қамқорлығының негізгі мəні болуға тиіс.
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар
балалардың дене жəне психикалық денсаулығына, олардың
адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ.
Балаларды тəрбиелеу əдістерінде адамның қадір-қасиетін
кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды
қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне
нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда
белгіленген тəртіппен жауап береді.