Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7


-бап. Ата-ана құқықтарын шектеу



Pdf көрінісі
бет81/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   187
Байланысты:
отбасы кукыгы китап

71-бап. Ата-ана құқықтарын шектеу 
1.  Сот  баланың  мүддесін  ескере  отырып,  баланы  ата-анадан 
(олардың  біреуінен)  оларды  ата-ана  құқықтарынан  айырмай  алу 
жолымен  ата-ана  құқықтарын  шектеу  туралы  шешім  шығара 
алады. 
2. Егер баланың ата-аналармен (олардың біреуімен) қалуы:  
1)  ата-аналарға  (олардың  біреуіне)  байланысты  емес  мəн-
жайлар (психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауру, 
ауыр  мəн-жайлардың  жəне  с.с.  салдары)  бойынша  бала  үшін 
қауіпті болса; 
2)  олардың  мінез-құлқының  салдары  бала  үшін  қауіпті  болса, 
алайда  ата-  аналарды  (олардың  біреуін)  ата-ана  құқықтарынан 
айыру  үшін  жеткілікті  негіздер  анықталмаған  болса,  ата-ана 
құқықтарын  шектеуге  жол  беріледі.  Егер  ата-аналар  (олардың 
біреуі)  өз  мінез-құлқын  өзгертпесе,  қорғаншы  жəне  қамқоршы 
орган  ата-ана  құқықтарын  шектеу  туралы  сот  шешімі  шыққаннан 


кейін  алты  ай  өткен  соң  оларды  ата-ана  құқықтарынан  айыру 
туралы  талап  қоюға  міндетті.  Баланың  мүдделеріне  сəйкес 
қорғаншы  жəне  қамқоршы  орган  осы  мерзім  аяқталғанға  дейін 
ата-аналарды  (олардың  біреуін)  ата-ана  құқықтарынан  айыру 
туралы талап қоюға құқылы. 
3. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланың жақын 
туысқандары,  кəмелетке  толмаған  балалардың  құқықтарын 
қорғау  міндеті  заңмен  жүктелген  органдар  мен  мекемелер  (осы 
Заңның 68-бабының 1-тармағы),  мектепке  дейінгі  мекемелер, 
жалпы  білім  беретін  жəне  басқа  да  мекемелер,  сондай-ақ 
прокурор қоя алады. 
4.  Ата-ана  құқықтарын  шектеу  туралы  істер  прокурор  мен 
қорғаншы жəне қамқоршы органның қатысуымен қаралады.  
5. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер қаралған кезде сот 
ата-  аналардан  (олардың  біреуінен)  балаға  алимент  өндіріп  алу 
туралы мəселені шешуге құқылы.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет