Курсы бойынша тесттер жинағЫ. Глоссарий 5В020500-«Филология», 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет13/18
Дата06.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#13465
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ktj 20315

Сентиментализм  -    французша  сезім,  сезімталдық    деген  сөзден  алынған.  18ғ. 

ортасы  мен 19 ғ. бас кезінде дамыған көркем әдебиеттегі ағым. С. жеке адамның 

жан-дүниесін,    көңіл-күйін суреттеуге ерекше мән береді. 

Сира  –    ерте  мұсылман  тарихнамасының  ерекше  жанры,  ислам  дінінің  негізін 

қалаушы Мұхаммед пайғамбардың ғұмырнамасы. 



Сыншыл  реализм  -    әдебиеттегі  көркемдік  әдіс.  Басты  ерекшелігі  -  өмірді 

шыншылдықпен  бейнелеп,  адамдардың  тағдырын,  олардың  типтік  мінез-бітімін, 

характерін  типтік  жағдайда көрсете отырып, қоғамдық өмірдегі  қайшылықтарды, 

кемшіліктерді сынға алу. 



Сюжет  –  адамдардың  өзара  қарым-қатынасы,  байланысы,  қайшылықтары,  жек 

көру, жақсы көру, әр характердің, типтің өсу, жасалу тарихы. 



Тақырып    -  өнер  туындысының  іргетасы.  Жазушының  шындық  болмыстан 

тандап,  талғап  алып,  өзінің  көркем  шығармасына  негіз,  арқау  еткен  өмір 

құбылыстарының тобы. 

Талдау  –  көркемшығарманы  тексергенде  қолданылатын  тәсіл.  Шығарманы  әр 

қырынан  алып  қарастырып,  оның  қасиет-ерекшелігін,  жеке  бөлек-бөлшектеріне 

тән өзгеше сипат белгілерді арнайы зерттеп, танып-білу. 

Тарихилық  -  әдеби  шығарманың  тарихи-әлеуметтік  ортамен,  белгілі  бір 

халықтың  мәдени  тарихымен,  салт-дәстүрімен,  ырым-нанымдарымен,  ұлттық 

мінез, ойлау ерекшеліктерімен, аңсар, арманымен тамырлас құбылыс. 

Тартыс - өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше 

қарама-қарсылықтардың,  адамға  тән  әр  алуан  көзқарастағы,  идеядағы,  сезімдегі, 

нанымдағы,  іс-әрекеттегі  мақсат-мүддедегі  кереғар  құбылыстардың  өнер 

туындысындағы жинақталуы, суреттелуі. 




89 

 

Тенденция  –  автордың  өзі  бейнелеп  отырған  өмір  шындығына  деген  идеялық-

эмоциялық  қарымқатынасы,  образдар  жүйесі  арқылы  берілген  маңызды 

мәселелерді ой елегінен өткізу,бағамдау. Шындықты суреттеудегі қаламгерге тән 

құштарлық, оның қоғамдық көзқарасының тұғыры, ой өзегіндегі мығым принцип. 

Типтендіру  –  мөлшерлі  «сфераға»  енетін,  өлшеулі  «формулаға»  енетін  әрекет 

емес,  ақиқат  өмірдегі  тірі  кісілерден  әдеби  шығармадағы  жанды  бейнелер 

туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың, тынымсыз әрекеті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет