Түпнұсқа - әдеби шығарманың автор өзі жазған төлтума қолжазбасы, яғни
автордың өз қолынан шыққан нұсқасы.
Түркітану – түркі тілдес халықтардың тілін, тарихын, әдебиетін, мәдениетін
зерттейтін ғылымдар саласы.
Уаһи – хабар
Ұлт-азатшыл бағыт – бұл бағыт өкілдері шығармашылығының басты тірегі –
ұлттық мүдде болды. Отаршылдыққа қарсы күрес идеясын европалық, саяси күрес
тәсілімен ұштастырған бұлардың шығармашылығында осы ой-идея уағыздалды.
Ағартушылық, өнер-білім барлығы, ең алдымен, ұлт азаттығы үшін қызмет етуі
керек деген байламды негізге алды. Абайдың ағартушылық бағыттағы пікірлерін
жаңа арна-азаттықпен ұштастырды. Тапшылдық, жікшілдік мүдделерді көздемей,
ұлт тұтастығын сақтауға ұмтылды.
Фабула – көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу,
мазмұндау.
Фольклортану – халық даналығын зертейтін, өзіндік даму заңдылықтары бар
дербес ғылым.
Форма (пішін) – мазмұндағы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар
жүйесі, немесе қаһармандар өмірі.
Достарыңызбен бөлісу: |