Поэтика – көркем шығармадағы құндылықты бар болмысымен айқындар жүйе
туралы әдебиеттанудың ең көне ғылым саласы.
Реализм – әдебиет пен өнерде кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар
қалпында, нақтылық сипат-белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап,
шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс.
Реминисценция – латынша еске алу – көркем тексте, көбінесе өлеңде кездесетін
басқа бір шығарманы еске түсіретін нышан.
Роман – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін
ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында жан-жақты мүсіндейтін,
басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын
көлемді эпикалық шығарма.
Романтизм - әдебиеттегі, көркем өнердегі өмірдің жарқын, жағымды жақтарын
көбірек алып, көтере суреттейтін көркемдік әдіс.
Романтика – қиялшылдық, асқақ ой шабыттылығы, өмірдің жарқын, сәулелі
жақтарын көруге бейімділіктен туатын айрықша сезім шаттығы.
Сахаба – пағамбарымыздың әрдайым қасында жүріп, уағыздары мен соғыс
жорықтарына қатысып, ислам, дініне үлес қосқан серіктері.
Достарыңызбен бөлісу: |