Классикалық әдебиет – «үлгілі, кемелденген, жоғары сапалы» деген мағынаны
береді. Классикалық әдебиеттің негізгі көркем бейнелері халық санасында
көркемдік шеберліктің үлгісі ретінде сақталады.
Композиция – латынша «құрастыру, қиыстыру» деген мағынасын беретін сөз,
көркем шығарманың құрылысы.
Көркем бейне – көркемөнерде, соның ішінде әдеби шығармада жинақталған түрде
суреттелетін өмір құбылысының нақтылы көрініс-қалпы, кейіпкердің көркем ой
елегінен өткізіліп, қорытындылап жасалған тұлғасы.
Көркемдік кезең – әдебиеттің ең алғашқы даму кезеңіндегі көркемдік танымның
қалыптасу кезеңі.
Достарыңызбен бөлісу: |