Курсы бойынша тесттер жинағЫ. Глоссарий 5В020500-«Филология», 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет5/18
Дата06.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#13465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ktj 20315

Әдеби  әдіс  -  өнер  туындысында  адам  образын  жасауға,  сол  арқылы  шындықтың 

сырын образды түрде ашуға қажет өмір деректерін белгілі бір эстетикалық талғам 

биігінен таңдаудың, қорытудың және жинақтаудың өзгеше принципі. 

Әдеби  мұра  –  көркем  әдебиеттің,  сөз  өнерінің  өткен  дәуірден  қазіргі  заманға 

жеткен  туындылары.  Әдеби  мұра  –  халықтың  әр  түрлі  тарихи  кезеңдегі  мәдени 

өрісінің, әлеуметтік хал-жайының, тілдік, эстетикалық талғамының айғағы. 

Әдеби  процесс  –  бұл  белгілі  бір  дәуірде,  сонымен  қатар  ұлттар  мен  елдердің,  

аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп жатқан      әдебиеттің 

тарихи-заңды қозғалысы. 

Әдебиеттің  көркемдік  мәні  –  сөз  өнерінің  бейнелілік,  суреттілік  қасиетінен 

туындайтын,  адамның  эстетикалық  ой-сезімін  қалыптастыруға  үлкен  әсер  ететін 

ең басты сипаттарының бірі. 



86 

 

Әңгіме  –  оқиғаны  баяндап  айтуға  негізделген,  қара  сөзбен  жазылған  шағын 

көркем  шығарма.  Әңгіменің  жанрлық  ерекшеліктері  алдымен  оқиғаны  баяндау 

тәсілі,  композициялық,  сюжеттік  құрылысы,  кейіпкер  жүйесі  арқылы 

айқындалады. 

Дастан – (парсы сөзі – тарихи әңгіме, ертегіші, батырлар жыры)  - Таяу және Орта 

Шығыстың,  Азияның,  Оңтүстік-шығыстың  әдебиеті  мен  фольклорындағы 

эпикалық  жанр,  өлең  түріндегі  уақиғалы  шығарма.  Көбінесе    бұрыннан  белгілі 

ертегі сюжеттерінің, аңыз, хикаялардың әдеби өңделген түрі болып келеді.   



Дидактика  –  грекше  үлгілі,  өнегелі,  тағылымды  деген  мағынаны  беретін,  үгіт- 

насихаттық,  өсиет  сарын  сипатында  түзілген,  поэзиялық  жанрда  жазылған 

шығармалар.  

Драма  –  шындықты  айрықша  тәсілдермен  синтез  қалпына  келтіріп,  шиеленіскен 

тартыстар  үстінде  жинақтап,  оқиғаға  қатысқан  адамдардың  сөзі  мен  ісі  арқылы 

көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін күрделі жанр. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет