85
ГЛОССАРИЙ
«Азия мектебі» - Патша үкіметі қазақ даласын өз қол астына алуға кіріскеннен-ақ
қазақтың үкіметке сенімді қызмет көрсететін хан-сұлтандарының, ру басы, бек-
феодалдардың балаларынан тілмаш, хатшы сияқты қызметкерлер даярлап шығару
жұмысын қолға алды. Осы мақсатпен патша үкіметі 1789 жылы Омбы қаласында
ашқан мектеп.
Автор – өнертануда, философияда эстетикалық, сондай-ақ мәдени-әлеуметтік
категория ретінде қарастырылатын ұғым. Ол өнер туындысын жасаушы, қаламгер,
өз шығармасы арқылы өзінің дара көркемдік танымын әйгілейтін шығармашылық
тұлға.
Достарыңызбен бөлісу: