Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет9/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   196
дың,  -дің,  -тың,  -тің,  -ның,  -нің  т.б.  Мұндай  өзгеру  жұрнақтарда  да 


 
19 
кездеседі.  Алайда,  жұрнақтардың  бәрі  бірдей  олай  өзгере  бермейді. 
Сингоманизм  заңына  бағынбайтын  –хана,  -кеш,  -пар,      -қой  сияқты 
жұрнақтарда  тілімізде  кездеседі.  Ал  жалғаудардың  түрі  біреу-ақ,  ол 
көмектес септік жалғауы -мен, -менен, -пен, -пенен, -бен, -бенен
Қазіргі  қазақ  тілінде  жалғаулардың  төрт  түрі  бар.  Олар:  к.ж., 
т.ж.,  с.ж.,  ж.ж.  Осы  төрт  жалғаудың  әр  қайсысына  тән  өзіндік 
грамматикалық  формалары  және  сол  мағыналары  мен  формаларына 
сай, олардың өзіндік қызметтері бар.  
Көптік категориясы және көптік жалғаулар 
Қазақ  тілінде  көптік  категориясы  және  көптік  жалғау 
категориясы  деген  ұғымдар  бар.  Ол  ұғымдар  бір-бірімен  тең  емес. 
Көптік категориясы деген жалпы да, көптік жалғау категориясы деген 
ұғым жалқы болып келеді. 
Қазақ тілінде көптік категориясы үш түрлі тәсіл арқылы беріледі. 
Ал көптік жалғау категориясы осы көптік категориясының берілуінің 
бір  жолы  ғана.  Яғни,  көптік  жалғау  категориясы  көптік 
категориясының құрамына кіреді. 
Көптік категориясы үш түрлі тәсілмен беріледі: лексикалық тәсіл 
арқылы
синтетикалық 
тәсіл 
арқылы 
(морфологиялық)
аналитикалық тәсіл арқылы (синтаксистік)
1. Лексикалық тәсіл. Кейбір сөздер ешқандай қосымшасыз,  жеке 
тұрып-ақ, өзінің мағынасымен көптік ұғымды білдіре алады. Мысалы: 
тұз, ұн, сүт, шөп, арпа, бидай, алданыш, ізгілік, тары, ақыл, достық, 
қуаныш,  жалқаулық  т.б.  Яғни,  сөздің  лексикалық  мағынасы  арқылы 
көптік ұғымның берілуін лексикалық тәсіл деп атайды. 
2.  Аналитикалық  тәсіл.  Зат  есімдер  сан  есімдердің  есептік, 
болжалдық  түрімен,  сондай-ақ  көп,  аз,  әлденеше,  бірнеше,  бірталай, 
қыруар  секілді  сөздермен  тіркесіп  келіп  те  көптік  ұғымда  беріле 
алады. Мысалы: көп адам, екі адам, бірнеше адам, қыруар адам т.б. 
Көптік ұғым сөздердің қосарлануы арқылы да беріледі. Мысалы: 
бала-шаға, кемпір-шал, жігіт-желең т.б. Бұл тәсіл көптік ұғымнан гөрі 
жинақтау, жалпылау, топтау ұғымдарын береді. 
3.Синтетикалық  тәсіл.  Көптік  ұғым  қазіргі  қазақ  тілінде 
морфологиялық тәсіл арқылы жиі беріледі. Көптік мағынасын беретін 
қосымшалардың қазақ тілінде үш түрі кездеседі: 
1) –ыз, -із, -з формасы. 
2) –к,-қ формасы. 
3) -дар, -дер, -тар, -тер, -лар, -лер формасы. 
1. –ыз, -із, -з формасы туралы. Бұл форма тілімізде көне заманнан 
қалған  сарқыншақ  форма  ретінде  бірен-саран  сөздерде  ғана 
ұшырасады.  Мысалы:  біз,  сіз  деген  жіктеу  есімдіктерінің 
құрамындағы,    формасы  көптік  мағынаны  беріп  тұрған  форма.  Ол 


 
20 
форма  көнеленіп,  түбірдің  бөлінбейтін  бөлшегіне  айналған.  Бұл 
форма  -  қазақ  тілінде  біз,  сіз  көз,  егіз  деген  жіктеу  есімдіктерінің 
құрамындағы    формасы  көптік  мағынаны  беріп  тұрған  форма.  Ол 
форма  көнеленіп,  түбірдің  бөлінбейтін  бөлшегіне  айналған.  Бұл 
форма қазақ тілінде біз, сіз, көз, егіз деген сөздердің құрамында ғана 
кездеседі. Ғалымдар бұл қосымшаны екеу, жұп деген түсінікті беруде 
пайдаланатын  форма  деп  есептейді.  Көбінесе,  екеу  болып  келетін 
заттардың  (дене  мүшелерінің)  аттарына  қосылып  берілген  деп 
топшылайды. 
Қазақ  тілінде  бұл  формаға  омонимдес,  тәуелдік  жалғаудың 
сыпайы түрінің II жағы болып келетін форма да бар: -ің, -із, -ың, -ыз, -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет