Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ


Қазақ тіліндегі нолдік морфема және нолдік форма



Pdf көрінісі
бет12/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   196
2.3 Қазақ тіліндегі нолдік морфема және нолдік форма 
 
Қазақ  тіл  білімінде  нөлдік  морфема,  нөлдік  форма  ұғымы  кең 
қолданылып  жүр,  онымен  байланысты  түрлі  терминдер  де  пайда 
болды,  мысалға  нөлдік  морфема  мен  нөлдік  форма,  нөлдік  элемент, 
нөлдік  белгі,  нөлдік  көрсеткіш,  нөлдік  десигнатор,  нөлдік  аффикс, 
нөлдік флексия, нөлдік суффикс т.б.  
Ы.Е.Маманов  нөлдік  көрсеткіштерді  сөз  формасын  жасау 
тұрғысынан қарайды, ол мынадай 4 түрлі нөлдік форманы көрсетеді, 
олар: жасырын ілік, табыс, барыс септік және бұйрық райдың екінші 
жақ  жекеше  түрі.  С.Исаев,  Н.Оралбаева  өз  еңбектерінде  нөлдік 
морфема  мен  нөлдік  форманы,  Ж.Балтабаева  қазақ  тіліндегі  ілік, 
табыс  септіктердің  нөлдік  формасын  зерттеді.  Қазақ  тіл  білімінде 
зерттеліп  отырған  мәселемен  байланысты  төрт  термин  кездеседі, 
оның бірі – нөлдік көрсеткіш (А.Қ.Хасенова), екінші  – нөлдік форма 
(И.Е.Маманов),  үшіншісі  –  нөлдік  тұлға  (С.Исаев),  төртіншісі  – 
нөлдік морфема, нөлдік форма (Н.Оралбаева, Ж.Балтабаева).  
Нөлдік  көрсеткіш  терминін  өте  кең  мағынада  қолданамыз.  Ол 
фонетика,  морфология,  тіпті  синтаксиске  қатысты  жалпы  ұғым 
ретінде қолданылады. Нөлдік морфема сөздің мағыналы кіші бөлшегі 
сөзде  болмай,  ол  мағынаны  түбір  сөз  ешбір  нақтылы  морфемасыз 
білдіргенде  қолданылады.  Нөлдік  морфема  термині  –  нөлдік  жалғау, 
нөлдік  жұрнақ,  нөлдік  көмекші  сияқты  ұғымдарды  қамтитын  жалпы 
мағыналы  термин,  сондықтан  ол  сөз  формасына  да,  сөз  жасауға  да 
қатысты.  Нөлдік  форма  деген  терминді  түбір  сөз  ешбір  нақтылы 
морфемасыз  сөздердің  түрлену  парадигмасының  бір  мүшесі 
қызметін атқарғанда қолданады. 
Қазақ  тілі  қосымшаларға  бай,  тілімізде  сөздердің  түрленуінің 
түрлі  жүйесі  бар.  Мысалға:  септік,  тәуелдік,  сандылық,  шырай, 
етістіктің  райлары,  болымды-болымсыздық,  жақ  бойынша 
сөздердің  түрленуін  атауға  болады.  Сөздердің  осы  түрлену 
жүйелерінің  бәрінде  дерлік  нөлдік  морфема  мен  нөлдік  форманың 
орын алатыны байқалады.  
Сөздердің  септелуіндегі  нөлдік  морфема  мен  нөлдік  формалар. 
Бұл нөлдік морфемаға бай және іштей ерекшеліктері де бар. Септіктің 
мағыналық  құрылымы  әр  септіктің  мағынасынан  тұратыны  белгілі. 
Осы  жүйедегі  атау  септіктің  де  басқа  септіктерден  өзінше  мағынасы 
мен  атқаратын  қызметі  бары  сөзсіз.  Тек  оның  мағынасы  басқа 
септіктердің қосымшасыз формаларының мағына жиынтығы емес.  
Атау  септіктің  өзіне  тән  белгілі  мағынасы  бар,  ол  мағынаны 
септік  парадигмасының  басқа  ешбір  мүшесі  білдіре  алмайды,  атау 
септіктің белгілі тұрақты қызметі бар, оны қалған септіктегі сөздердің 


 
26 
ешқайсысы  атқара  алмайды,  өйткені  атау  септік  шартты  түрде 
алынған,  сөздің  басқа  септіктерге  түрленбей  тұрғандағы  қалпы  ғана 
емес.  Ол  септік  парадигмасының  бір  мүшесі,  септік  жүйесіндегі  сөз 
формаларының  бірі,  ол  сөйлемдегі  сөздермен  белгілі  бір  қатысқа 
түседі,  синтаксистік  қызмет  атқарады,  тұрақты  мағынасы  бар.  Ол– 
атау септік сөйлемде кім және не туралы айтылатынын білдіреді. Бұл 
– атау септіктің бірден–бір мағынасы. 
Ілік,  табыс,  шығыс,  көмектес  септіктерде  қосымшалы  формалар 
мен  нөлдік  формалар  қатарласа  қолданылады,  сондықтан  бұл 
септіктер  қос  формалы  септіктерге  жатады.  Мысалы:  Сахара 
(сахараның)  заңы  да  бар  қаталдық  (қаталдығымен),  бар  надандық 
(надандығымен),  зұлымдығымен  молаша  мызғымай  қалғандай 
(М.Әуезов).  Ендеше,  тым  құрса,  осындайда  салмақ  (салмақты)  сал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет