Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет10/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   196
ң-із, -ң-ыз. Алайда, бұл қосымшаның мағынасы да, қызметі де басқа. 
2. –К, -қ формасы туралы. Етістіктің ашық райының жедел өткен 
шағынан  кейін,  бұйрық  райынан  кейін,  шартты  райынан  кейін  I 
жақтың  көпше  түрінде    –к,-қ  деген  формалар  жалғанады.  Мысалы: 
айт-ты-қ,  айт-ай-ық,  айт-са-қ;  кел-ді-к,  кел-ейі-к,  кел-се-к  т.б.  Бұл 
форма да ерте заманда көптік мағынаны білдірсе керек. 
3.  –лар,  -лер,  -дар,  -дер,  -тар,  -тер  формасы  туралы.  Қазақ  тіл 
білімінде  бұл  форманы  заңды  түрде  көптік  жалғаулары  деп  атайды. 
Бұл  форма  тілімізде,  негізінен  зат  есімдерге,  есімдіктерге  және 
субстантивтенген  басқа  да  сөз  таптарына,  етістіктің  жіктелетін 
формасының II жақтарына жалғанып, көптік мағынаны білдіреді. 
Көптік  жалғауларының  беретін  семантикалық  мағынасы  да, 
атқаратын стилистикалық  қызметі де сан алуан. Солардың кейбіріне 
тоқталайық: 
1.  Зат  есімдерге  жалғанып  көптік  мағынасын  білдіреді.  Көптік 
мағына сандық ұғымды білдірмейді, әрі нақты болмайды. Тек жалпы 
түрде ғана көптік ұғымды білдіреді. 
2. Сын есімдерге, есімшелерге жалғанған кезде сол сөз таптарын 
зат  есімге  айналдырады,  әрі  көптік  мағынасын  үстейді.  Мыс: 
жақсылар, келгендер т.б. 
3.  Сан  есімдерге  жалғанған  кезде  мөлшер  не  болжал  мағынасын 
береді. Мыс: Мен сағат  бестерде ораламын
4. Көптік жалғаулары зат есімдерге жалғанып, көптік мағынасын 
емес, топтау, жинақтау мағынасын да бере алады. 
5.  Көптік  жалғаулары  сан  жағынан  бөлшектеп  көрсетуге 
келмейтін  бір  текті  нәрселердің  жиынтығын  білдіретін  атауларға 
жалғанғанда олар заттың көптігін ғана емес, оның түрінің, сортының 
да  әр  түрлі  екенін  білдіреді.  Мыс:  нандар,  тәттілер  т.б.  Көптік 
жалғаулары  көп  адамға  ортақ  бола  алатын  заттардың  атауларына 
жалғанып,  сол  сөздің  бірнеше  адамға  ортақтығын  білдіреді.  Мыс: 
Әкелерін қатты сағынды


 
21 
6.  Көптік  жалғаулары  орын,  мекен  атауларына  жалғанып,  сол 
сөзге  «сол  жақ»,  «сол  маңдай»  деген  сияқты  тұспалдау  реңін 
жамайды. Мыс: Абай өз пәтерлерінен екі-үш көше ұзап кетіп еді
7.  Мезгіл  атауларына  жалғанып  та  тұспалдау,  шамалау 
мағынасын  береді.  Мыс:  Кешелер,  ертеңдер,  қыстың  орталарында, 
марттың бастарында т.б. 
8.  Көптік  жалғауларын  керек  етпейтін  зат  есімдер  тобы  жалқы 
есімдер. Бірақ, көптік жалғаулары жалқы есімдерге де жалғанып келе 
алады.  Ондайда  көптік  жалғауы  «сол  кісі»  және  «басқалар»  деген 
түсінікті береді. Мыс: Әкемдер үйге кірді
9.  Көптік  жалғаулары  көмекші  сөздер  мен  модаль  сөздерге  де 
жалғанып келе алады. Ондай кезде көптік жалғаулары бүтін тіркестің 
ең соңғы сөзіне ғана жалғанады. Мыс: Нұржан мен Еркін сияқтылар 
көбейіп келеді. Көлігі барлар көше бастады. 
10.  Көптік  жалғаулары  даралап  санауға  болмайтын,  көптік 
формада  жұмсалмайтын  сөздерге  жалғанған  кезде,  ол  сөздер  өз 
мағынасында емес, ауыспалы мағынада қолданылады. Мыс: сақалдар, 
мұрттар, ішіктер, шаштар т.с.с. 
Көптік  жалғауларының  қолданылуының  да  өзіндік  кейбір 
ерекшеліктері  бар.  Мыс:  сөйлемнің  біріңғай  мүшелеріне  көптік 
жалғаулары екі түрлі сипатта жалған алады. 
1.  а)  көптік  жалғаулары  бірыңғай  мүшелердің  әрқайсысына 
түсірілмей  жалғанады.  Ол  соңғы  күндері  көбінесе  домбыра  алып, 
мөлдір күйлер, сұлу әндер тартушы еді. (М.Ә) 
ә) көптік жалғаулары бірыңғай мүшелердің тек ең соңғысына ғана 
жалғанып,  алдыңғыларына  жалғанбайды.  Мыс:  Тымақбайдың 
артынан Жүсіп, Қадырберген, Жақыптар сөз алып сөйледі. (Б.М.) 
2. Бастауыш жіктеу есімдігінің II жағының анайы, сыпайы түрінің 
көптік  формасында  тұрса,  онда  баяндауыштар  да  көптік  формасын 
қабылдап қиысып тұрады. Мыс: Сендер бүгін келіңдер т.б. 
3.  Бір  сөзге  бірнеше  жалғау  қабаттасып  жалғанған  кезде  түбірге 
көптік  жалғаулары  бірінші  болып  жалғанады.  Бірақ  кейбір 
стилистикалық  мақсатта  қолдануда  көптік  жалғауы  бірде  тәуелдік 
жалғауынан  кейін,  бірде  алдында  келуі  мүмкін.  Ондайда  әр 
қолданыстың  өзіндік  ерекшеліктері  болады.  Мыс:  апаларым  көптік 
мағынасын беріп тұр да, апамдар-апам және басқалар деген ұғымды 
беріп тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет