Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет140/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

сауыншылар  жататын  үйге  қарай  кетті.  (С.Мұрат).  Аталған 
есімшелер  анықтауыш  қызметінде  де  шақтық  мағынасын  жоғалтпай, 
өзара осы мағынасы арқылы дараланып жұмсалады.  
-  Ар,  -ер  тұлғалы  есімше  анықтауыш  ретінде  сирек  жұмсалады. 
Ол  анықтауыш  ретінде  келгенде  келер  шақтық  қимыл  сынды  атап,  -
тын,  -тін  тұлғалы  есімше  анықтауышқа  параллель  амал  болып 
жұмсалады.  Бірақ  ол  кез  келген  кезде  жұмсалмайды,  сөзге  өң  беріп 
жаңарту амалы ретінде жұмсалады.  
Толықтауыш.  Етістіктен,  есімнен  болған  мүшемен  байланысып, 
істің,  сапаның,  заттың  объектісін  білдіретін  сөйлем  мүшесін 
толықтауыш  дейміз.  Мысалы:  Ол  күректі  алды.    Мен  осы  үйірмеге 
мүшемін.  
Толықтауыш  салт  және  сабақты    етістіктермен  меңгеріле  
байланысуына  қарай  тура  және  жанама  толықтауыш  болып  екіге 
бөлінеді.  Тура  толықтауыштар  іс-қимылдың  әрекетіне  түскен  объект 
ретіндегі  затты  атайды.  Бұл  сөйлем  мүшесі  сабақты  етістіктермен 


 
213 
табыс  септігі  формасында  байланысады.  Тура  толықтауыштар 
сөйлемде  екі  формада  көрінеді  –  табыс  септік  формасы  мен  атау 
септік формасында. 
Тура  толықтауыш  қызметіндегі  сөздің  формасы    екі  жағдайға 
байланысты: 
1. 
Сөйлеушінің 
коммуникативтік 
мақсатымен, 
яғни 
толықтауышқа  логикалық  екпін  түсіру,  түсірмеуіне  байланысты. 
Мысалы:  Бала  сиыр  қайырып  жүр  –  Бала  сиырды  қайырып    жүр; 
жолаушы су ішті – Суды жолаушы ішті.       
2.  Толықтауыш  болатын  сөздің    грамматикалық    сипатына 
байланысты. 
Мына  лексика-грамматикалық  сипаттағы  сөздер  толықтауыш 
қызметінде тек табыс септік формасында жұмсалады. 
А)  Сын  есім,  сан  есім,  есімшелер,  есімдіктер.  Сонда  сөйлескенін 
еске алды. 
Ә)  Тәуелдік  жалғаулы  сөздер.  Бірен-саран    жатып    қалған  
кемпірлер шапандарын  жамылып келіп өлең тыңдасты  (Б.М.). 
Б)  Жалқы  есімдер.  Әбдірахманды  пристав  дуанға алып кетті 
(Б.М.).   
3. Контекске  байланысты. 
Тура  толықтауыш пен  басыңқы   сөздің  арасына   сөз түссе, ол  
тек  табыс  септікте  жұмсалады.  Малды  қораға  қамап  жүр.  Ол  мал 
қамап жүр. 
 4.  Тура  толықтауышқа  сілтеу  есімдіктен,  -ғы,  -гі  жұрнақты    сын  
есімнен  болған    анықтауыштар  ілесіп    тұрса  толықтауыш    табыс 
септікте жұмсалады. Сол өлеңді айтып берді. Күзгі қорықты сақтап, 
көшпей отыр.   
Жанама  толықтауыштар  деп  іс-қимылға  түрлі  объект    ретінде 
қатысатын затты білдіріп, сөйлемде атау, ілік, табыстан басқа септік 
жалғау    формасында  жұмсалатын  толықтауыштың  түрін  атаймыз. 
Ағасына жақындады,қаламмен жазды. 
Барыс  септік  формасындағы  жанама  толықтауыштар:  а)  іс-
қимылдың    кімге,  неге  арналғанын,  бағытталғанын    білдіреді.  Жүр 
ағаңа, - деді бұйырып. Ол білуге құштар. Қазыққа байлады. Белдеуге 
қыстырды. Шегеге ілді. ә)  етістік  сөз объектілік қатынасқа  екі түрлі  
формада – тұйық рай және есімше формасында – тұрып түседі: білуге 
құштар, білуге құштар. Бұл екі форманың сөйлеу үстіндегі талғануы 
сөзге  стильдік  өң беру мақсатына байланысты. б) іс-әрекетке, сапаға 
қатысты  объектілерді    білдіреді.  Қуатқа  толды,  шөпке  бітік,  сөзге 
жүйрік. 
Шығыс  септік  формасындағы  жанама  толықтауыштар:  а)  іс-
қимылға  жасалған  материалды  білдіреді:  Күйген    кірпіштен    үй 


 
214 
салды.  ә)  іс-қимылдың  әрекетіне  түсетін  объектілерді  білдіреді.  Бұл 
тура толықтауыш  мағыналы  мүшенің табыс  септік формада тұрмай, 
шығыс  септік  жалғауын    қабылдауы  бөлшектік    объект    ретінде 
аталуына    байланысты.  Күніне  екі-үш  хаттан  жазатын  (С.Мұрат.). 
б)  іс-әрекеттің  шығу  объектісін,  тегі,  тобы  ретінде  көрінетін 
объектісін,  салыстыру  объектісін  білдіреді.  Сөйлеуден  қашты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет