215
Пысықтауыш қызметінде үстеулер, сын есім, сан есім, атау, ілік,
табыстан басқа септік формасындағы зат есімдер жұмсалады.
Пысықтауыштар мағынасына қарай 5-ке бөлінеді. Олардың
жасалу жолдары төмендегідей.
Мезгіл пысықтауыштар. 1.Мезгіл пысықтауыштар көбіне мезгіл
мағыналы үстеулерден жасалады:
кеше, бүгін, былтыр, жазда т.б.
2. Зат есім сөздер жатыс, барыс септікте мезгілдік мағына алып
мезгіл пысықтауыш ретінде жұмсалады
. Кеңшілікте еркін отырып
әңгімелесті.
3. Сын есім сөздер субстантивтеніп, жатыс септік формасында
келіп мезгіл пысықтауыш ретінде жұмсалады.
Қараңғыда жолды әзер
тапты. Осы суықта жолға шықты.
4. Есімшелер жатыс септікте келіп, мезгіл пысықтауыш ретінде
жұмсалады.
Келеріңде соны ерте кел. Барғанда хабарлай сал.
5. Бірқатар мезгілдік ұғымды білдіретін зат есімдер (кез, уақыт,
мезет, күн) атау немесе жатыс сепік формасында тұрып, әрі алдына
анықтауыш салып мезгіл пысықтауыш қызметін атқарады.
Сол
уақытта поезд да келіп еді. Алдыңғы күні жұмысшылар мая салды.
6. Атау, барыс, шығыс септіктегі зат есімдер, есімшелер
кейін,
соң, дейін, бойы, бері, сайын деген көмекші сөздермен бірігіп мезгіл
пысықтауыш ретінде жұмсалады.
Күні бойы жұмыс істеп, шаршап
Достарыңызбен бөлісу: