290
қолданылады. Мұндағы төл сөз болып саналатындар - көркем
шығармалардағы персонаждар сөздері.
Ал персонаждарға сөз беріп, оларды сөйлестіріп отырған
жазушының өз сөзі автор сөзі болып есептеледі. Сондықтан диалогты
төл сөз цитатты төл сөз сияқты қолданушы автордың пікірін
дәлелдеу үшін қолданылмайды. Жеке адамдардың (персонаждардың)
бір-бірімен
сөйлесуі, әңгімелесуі түрінде болады.
Диалогты төл сөздің айналасында қолданылатын автор сөзінің
атқаратын
функциясында да цитаттағыдай автор-сөзінен біраз
өзгешеліктері болады. Мұндағы автор сөзі төл сөздің кімдікі екендігін
білдіру, оны қаңдай құбылыста, қандай күйде, қалай айтқандығы
және кімге айтқандығын байқату сияқты функциялар атқарады.
Төл сөз құрамы жағынан әр алуан болып келеді: ол жеке бір сөз
болуы да мүмкін, бір сөйлем немесе әлденеше сөйлемдер тізбегінен
құралған тұтас бір үзінді болуы да мүмкін.
Төл сөз автор сөзімен байланысты болады. Бірақ ол байланыс төл
сөздің бастапқы құрылысын өзгерту, оған грамматикалық жаңа
дәнекерлер қосу арқылы болмайды. Төл сөзді автор сөзімең
байланыстыру үшін оның тіпті жеке бір сөзінің грамматикалық
формасын өзгертіп айтатын болса да, ол төл сөз болудан қалады.
Сондықтан төл сөздің автор сөзімен байланысы оның бастапқы
құрылысына ешқандай өзгеріс енгізбей, өз дербестігін толық сақтау
жағдайында жүзеге асырылады. Төл сөз бен автор сөзі арасындағы
байланысты қамтамасыз ететін байлауыш дәнекер -
де көмекші
етістігі.
Төл сөздің бастапқы дербестігін толық сақтай отырып, оның автор
сөзімен байланыстыру
функциясын де етістігінен басқа ешбір сөз,
ешбір грамматикалық. форма атқара алмайды. Де етістігінің — төл
сөздің төл сөз еқенін танытудағы қасиеті де осы фунқциясында.
Де етістігі деді, дегендер, дейін, дейді, депті, деп, десе және
есімшенің әр алуан септік жалғаулы түрлерінде айтылады. Мысалы:
Төл сөз бен автор сөзінің орналасуы 4 түрлі болады:
Автор сөзі төл сөзден бұрын келеді: (А: «Т».)
Автор сөзі төл сөзден кейін келеді: («Т»,- а.)
Автор сөзі төл сөздің ортасында келеді: «Т,-а,-т».)
Автор сөзі төл сөздің екі жағында келеді: А:-Т,- а.)
Осыған қарай оның синтаксистік құрылысы да әр түрлі болады.
Достарыңызбен бөлісу: