103
Ол дәрігерге көрінді. Алыстан бір үй көрінді.
Жолаушы тазаланып жуынды. Қора тазаланды.
-Ық, -ік, -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтары арқылы да
өздік етістің мәні беріле береді. Мысалы,
қан-ық, бу-лық, и-лік, бас-
тық, көн-дік т.б.
Сондай-ақ,
қате-лес, орна-лас, жайға-с сөздерінде және т.б.
сөздерде
-с, -лас, -лес аффикстері де өздік етіс тудыра алады.
-Лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен күрделі аффиксі арқылы жасалған
есім негізді туынды етістіктер өздік етіс мағынасында жұмсала
береді. Мысалы,
әуре-лен, қату-лан, қаһар-лан, мейір-лен т.б. Себебі,
бұл аффикстер – құранды аффикстер. Оның құрамында
–н жұрнағы
бар. Бұл жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер салт етістіктер
болады.
2. Ырықсыз етіс. Етістің бұл түрі етістіктің түбіріне
-ыл, -іл, -л
жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы:
Тақта сүрт-іл-ді,
қазан ас-ыл-ды, кір жу-ыл-ды, жиналыс баста-л-ды, жүк түсір-іл-ді
т.б.
Ырықсыз етіс баяндауыш қызметінде жұмсалған кезде қимыл
иесі айтылмайды. Сөйлемде қимыл иесінің кім екені белгісіз болады.
Ырықсыз етістің жұрнағы етістіктің мағынасына қимылдың өздігінен,
яғни ырықсыз істелетінін анықтайтын мән жамайды. Амалды кім
істегені /субъектісі/ көрінбейді де, объектінің қызметі активтенеді.
Мысалы: 1.Үміт кір жуды. 2. Кір жуылды. А) Үміт – субъект, қимыл
иесі, бастауыш; кір – объект, толықтауыш; жуды – предикат,
субъектінің қимылы, баяндауыш. Ә) Кір – объект, бастауыш; жуылды
– предикат, баяндауыш. Ал субъект сөйлемде айтылмай, белгісіз
қалып отыр. Ырықсыз етісті басқа етіс түрінен оқшаулап көрсететін
бір ерекшелік бар. Етістіктің негізіне бірнеше аффикстер жалғанған
кезде ырықсыз етістің формасы соңынан жалғанады. Яғни, ырықсыз
етіс формасын қабылдаған етістік одан ірі етіс аффикстерін
қабылдамайды.
Ырықсыз етіс те өздік етіс сияқты сабақты етістіктен туындайды.
Ырықсыз етіс өздік етіспен салыстырғанда, әлдеқайда көп
қолданылатын өнімді форма.
Ырықсыздық мәні кейде өздік етістің формасы
–ын, -ін, -н
жұрнағы арқылы да беріледі. Мыс,
ал-ын-ды, сөй-ле-н-ді, сайла-н,
Достарыңызбен бөлісу: