Материалдармен зерттеу әдістері Мақала жазу барысында қажетті деректерді
дайындау үшін тақырыптың көлеміне, өзектілігіне
және мәліметтердің әралуандылығына баса на
-
зар аударылды. Тақырыптың методологиялық
негізін түрік тіліндегі әдебиеттер құрап отыр.
Қарастырылатын негізгі тақырыптар – түрік
әдебиетінде тарихи романның негізін салушы
түрікші-тұраншы қаламгер Хүсейін Нихаль
Атсыздың «Көкбөрілер» дилогиясының алғашқы
кітабы «Көкбөрілердің өлімі» романындағы
түркілік бірегейлік мәселесі. Х.Н. Атсыз – өз
заманының қайсар жазушысы, сол кездегі саяси-
идеологиялық ұстанымдарға ашық қарсы болып,
Түркияның ұлттық жолда дамуын қалады. Алай
-
да оның ұстанған жолы ХХ ғасырдың басындағы
әлемдік саяси ахуалға сай келмейтін еді.
Тақырыпқа қатысты әдебиеттерді саралауда
түрік ғалымдарының іргелі зерттеулері негізге
алынды. Оларды мақала жазу барысында ғылыми
талдаудан өткізу – зерттеудің басты міндеттерінің
бірі болды. Түрік тіліндегі еңбектердің ара
-
сында айрықша түрік зерттеушілері Ахмет
Кабаклының 5 томдық «Түрік әдебиеті» (1994),
Инжи Енгинүннің «Жумхуриет кезеңіндегі
түрік әдебиеті» (2010) және Әлемдар Ялчынның
«Саяси-әлеуметтік өзгерістер тұрғысынан Жум
-
хуриет кезеңі. Қазіргі түрік романы. 1946-2000»
(2005) атты шығармаларына иек арттық.
Тақырыпқа негіз болған шығарма – түріктің
белгілі қаламгері Х.Н. Атсыздың «Көкбөрілер»
тарихи дилогиясының (Bozkurtlar, 2018) бірінші
кітабы болып табылатын «Көкбөрілердің өлімі»
романы талдау нысанына өзек болды. Сондай-
ақ, Х.Н. Атсыздың саяси-идеологиялық һәм
мәдени-әдеби көзқарасын айқындауға өзінің төл
шығармалары – «Түрік әдебиеті тарихы» (2015),
«Түрік тарихындағы мәселелер» (2016) және
поэтикалық шығармасы – «Жолдардың соңы»
(2016) мақала жазуға өз септігін тигізді.
Сонымен қатар зерттеу мақаланы жазу
-
да түрік және отандық ғалымдардың іргелі
теориялық пікірлері мен тұжырымдары қолданыс
тапты. Ғылыми мақалада тарихи-салыстыр
-
малы, сипаттау, баяндау, саралау, тұжырымдау
және жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен
бірге интернет материалдары да мақаланың жа
-
зылуына өз септігін тигізді. Зерттеу жұмысын
ұйымдастыруда тақырыптың өзекті мәселелерін
объективті түрде шешуге талпыныс жасалды.