Ж.Ә. Әбелдаев


Тақырыпты таңдауды дәйектеу



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата15.12.2023
өлшемі365,13 Kb.
#139546
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Без названия (2)

Тақырыпты таңдауды дәйектеу
мақаланың мақсаты мен міндеттері
Кез келген халықтың рухани көрсеткішінің 
бірі – тарихи романдар екендігі белгілі. Тарихи 
романдар арқылы әр халықтың тарихи санасы 
жаңғырып, рухани баюға бет бұрады. Өз тари
-
хын түгендеп, оның ақтаңдақ беттерін қалпына 
келтіру ұлт мәдениетінің көркейгендігін ғана 
көрсетіп қоймайды, сол халықтың қоғамдық па
-
рызы екендігін де еске салады. 
Түрік қаламгері Х.Н. Атсыз «Көкбөрілер» та
-
рихи дилогиясы арқылы көне түркілер тарихына 
барып, Түрік қағанатының құрылуын сөз етуінде 
бабалар 
қалыптастырған 
мемлекетшілдік 
көзқарастың қазіргі идеологиялармен аста
-
сып жатқандығын дәлелдеуінде жатыр. Автор 
түркілердің халық болып қалыптасуы, мызғымас 
мемлекет құру жолында жауларына қарсы аянбай 
күресуі мәселелерін елдік тұрғыдан саралауға 
тырысады. 
Екіншіден, әр халық өзінің тегін іздеу
оны жоғалтпау, рухани һәм материалдық 
құндылықтарын сақтап қалу үшін қолдан 


117
Ж.Ә. Әбелдаев 
келгенін істеп бағады. Бұл тенденция барлық 
халықтың болмысына тән нәрсе. Сол арқылы 
ұлттық бірегейлігін сақтау жолында қандай 
қиындыққа болса да төзеді. 
Мақалада тарихи романның табиғатына тән 
тәсілдер арқылы түркілік бірегейлік идеясының 
көтерілуін таразылау мақсат етіледі. Қазіргі таңда 
Түркияда да, Қазақстанда да ұлттық бірегейлік 
мәселесі өткір тұр. Әсіресе, ұлттық бірегейлікті 
идеялық тұрғыда шешу тәуелсіз Қазақстан үшін 
өте маңызды. Ұлттық кодымызды жоғалтып 
алмау мақсатында ұлттық бірегейлікті жан-
жақты қарастырып, оны сақтаудың тетіктерін 
іздеген жөн. Бұл тұрғыда Түркияда оңды істер 
атқарылып жатыр. 
Ұлттық бірегейлік – тарихи сана жаң ғыруының 
негізгі көрсеткіші. Ал тарихи сана жаңғырған 
жерде ілгерілеушілік, дамушылық көрініс таба
-
ды. Ататектің қастерін сана жаңғырту арқылы 
сезінуге болады. Сондықтан алдағы міндеттер – 
ұлттық код, ұлттық бірегейлік, мәңгілік ел болу 
мәселелеріне жүйелі түрде үздіксіз қозғау салып, 
жаңартып, жаңғыртып отырған жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет