Қазіргі батыс психологтарында мінезге анықтама беруде әртүрлі кӛзқарас байқалады.
Ерекше кең тараған түсінік — мінезді жеке тұлғаның этикалы қыры немесе түрі ретіндегі
кӛзқарас.
Грек философы негізін салған "мінездеме" тек адамның адамгершілік бейнесін
суреттеуден тұрады. Осындай мағынада "мінез" терминін XVII ғасырда Лабрюйер қолданды.
Сонымен, "мінез" сӛзі о бастан адамның әлеуметтік-адамгершілік келбетін бейнелейді, бұл
мағынада темпераментке қарама-қарсы мәнге ие болады.
XIX ғ. мінезді таза психологиялық бағытта интеллектінің, сезімнің және еріктің
(А.Бек), сезім мен еріктін (Рибо), тек қана еріктің (П.Ф.Лесгафт) дара ерекшеліктері ретінде
қарастырады.
XX ғасырда мінезді психиканың жекелеген салаларының ерекшеліктері емес, ал тұтас
тұлғаның қасиеті деп түсінді. Материализм мен идеализмнің күресінде мінездің тұқым
қуалау немесе ӛмір барысында пайда болғандығы туралы мәселе ерекше маңызға ие болды.
И.Кант XVIII ғасырда "мінездің темпераменттен айырмашылығы ӛмір барысында
қалыптасады" деді.
Бірақ дара ерекшеліктерді түсіндіргенде ол туа біткен және омір барысында
қалыптасқан қасиеттердің айырмашылығын түсіндірен жок, Рибо мінез тұқым арқылы
берілетін қасиет екендігін атап ӛтті. Осы екі бір-біріне қарама-қарсы кӛзқарас күні бүгінге
дейін жалғасып келеді.
Белгілі АҚШ психологі Боннер ӛзінің жеке тұлға туралы монографиясында "Мінез
және адамгершілік мінез-құлық" атты арнайы тарау берді. Ол жеке тұлғаның этикалық
мәселелерін ерекше атай отырып, сонымен қатар, мінездің тұтастық қасиетіне ерекше мән
берді.
Мінез туа біткен қасиет арқылы берілмегенмен, адам табиғи құрылымының
ерекшеліктері, ең алдымен жүйке қызметі мінездің кӛрінуінде, сондай-ақ оның жеке
белгілері үрдісін қалыптастыруда байқалады.
Жүйке үрдістерінің ұстамдылығы немесе ұстамсыздығы, күші немесе әлсіздігі,
қозғалғыштығы немесе енжарлығы — осының барлығы белгілі дәрежеде адамның мінез-
құлқы мен іс-әрекетіне әсер етеді. Жүйке жүйесінен басқа адам мінезіне ағзаның басқа да
белгілерінің әсері ерекше: жүрек-қантамырлар, ас корыту және эндокриндік жүйелер.
Демек, ғылыми-жаратылыстану негіздері тұрғысынан мінез жүйке жүйесі қызметінің типтері
белгілерінің және бас ми қыртысының уақытша байланыстар түрінде бекіген ӛмірлік кӛңіл-
күйдің кӛрінісі болып табылады.
Мінездің кӛрінісі тек қана әрекетте және қылығында аңғарылып қоймайды, сонымен
қатар тілінде, бет-пішінінде және дене бітімінде байқалады. Барлық тілдік ерекшеліктері
мінездің және темпераменттің белгілі қасиеттерін білдіреді. Мінез жеке тұлғаның сырт
келбетіне із қалдырады. Адамның бет-пішіні әртүрлі мінез бітістері жағдайында ӛзгеріп
отырады.
Достарыңызбен бөлісу: