тапсырылған міндет бойынша белгілі бір образдарды жасау мақсаты туған кезде кӛрінеді.
Бұл жағдайда қиял адамның ӛзі арқылы бақыланады және бағытталады.
Мұндай жұмыс
негізінде қажетті кӛріністерді ерікті түрде жасауға және ӛзгерту мүмкіндігі жатыр.
Ерікті қиялдың кӛптеген түрлері мен формалары арасынан жаңадан жасалынған
қиялды, шығармашылық қиялды және арманды бӛліп қарауға болады.
Қайта жасау қиялы
адамға ӛзінің суреттеуіне толықтай сәйкес келетін обьектіні жасау
қажетгілігі туған кезде пайда болады. Қиялдың бұндай түрімен, географиялық орын немесе
тарихи оқиға туралы суреттеуді оқыған кезде әдебиет кейіпкерлерімен танысу кезінде
кезігеміз. Қиялдың бұл формасы тек қана кӛрумен ғана емес, сонымен қатар есту, т.б. сияқты
процеспен байланысты. А.С.Пушкиннін «Полтава» атты поэмасын оқи отырып, біз атылған
оқтың даусын, солдаттардың айқайын, барабандардың соғуын айқын кӛз алдымызға
елестетеміз.
Ерікті қиялдың келесі түрі -
шығармашылық қиял.
Ол адамның жоқ үлгі бойынша жаңа
образды жасауымен сипатталады. Шығармашылық қиял да еспен тығыз байланысты, себебі
оның кӛрінісінде адам ӛзінің бұрынғы тәжірибесін еске алады. Сондықтан да
қайта жасау
қиялы
және
шыгармашылық қиялдың
арасында айқын шекара жоқ.
Жаңадан жасалған қиял
кезінде кӛруші, оқушы немесе тыңдаушы берілген образды ӛзінің шығармашылық қиялының
іс-әрекетімен толтырып отыруға тиіс.
Қиялдың ерекше түрі - арман.
Қиялдың бұл түрінің мәні -жаңа образдарды жеке ӛзінін
жасауы. Арманнын шығармашылық қиялға қарағанда бір қатар айырмашылыктары бар.
Біріншіден, арманда адам ӛзі тілеген образды жасайды, ал шығармашылық қиялда адам
әрқашан ӛзі қалаған нәрсесін жасай бермейді. Арманда адамды ӛзіне тартатын, ӛзі
тырысатын белгілі бір тілек жатады.
Екіншіден, арман - шығармашылық іс-әрекетке
қосылмаған қиял процесі, яғни кӛркем шығарма ғылыми ашулар, техникалық ойлау, табу т.б.
түріңдегі
тез
арада
және
тікелей
объективті
ӛнім
бермейді.
Ырықсыз пассивты қиял
сана іс-әрекеттерінің әлсіреуі, бұзылуы кезінде түс кӛруден
байқалады. Пассив қиялдың айкын кӛрінісі адам жоқ объектілерді қабылдайтын
галлюцинация болып табылады,
Қиялдағы образды қайта жасау механизмі.
Қиял процесі барысында дүниеге келетін
образдар іштен пайда болмайды. Олар біздің ӛткен тәжірибеміз негізінде, шынайы ӛмірдегі
құбылыстар туралы түсніктер негізінде қалыптасады.
Образдарды жасау екі негізгі этапта жүреді. Бірінші этапта әсерлердің немесе кӛріністердің
құрамдас бӛліктерге бӛлінуі жүреді. Басқаша айтқанда, бірінші этап ӛмірден алған ӛз
әсерлерімізді
анализ жасаумен сипатталады. Мұндай анализ барысында объектінің
абстракциялануы жүреді. Бұл образдармен екі негізгі тип жасалуы мүмкін. Біріншіден, бұл
образдар жаңа үйлесімдер мен байланыстарға қойылуы мүмкін. Екіншіден, бұл образдарға
мүлдем бӛлек жаңа мағына берілуі мүмкін. Қай жағдайда болмасын абстракцияланған
образдармен синтез деп айтуға болатын операциялар жасалады. Бұл операциялар қиял
образдарын жасаудың екінші этапы болып табылады.
Синтездің қарапайым формасы агглютинация болып табылады, яғни жаңа образды қиялда
бір объектінің қасиетін екіншісіне қосу арқылы жасау. Агглютинацияға мысалы: кентаврдың
образы, қанатты адам, т.б.
Агглютинация
ӛнерде
және техникалық, шығармашылықта кеңінен қолданылады.
Мысалы, Леонардо да Винчидің жас суретшілерге берген ақылы бәріне аян: "Егер сен ойдан
жасалынған жануарды шынайы етіп кӛрсеткін келсе, айталық жылан - оның басына иттің
басын қой, оған мысықтың кӛзін, филиннің құлағын, арыстанның қасын, тасбақаның мойнын
сал". Техникада агглютинацияны қолдану барасында автомобиль-амфибия т.б. пайда болды.
Агглютинация негізінде жататын процестер әр түрлі. Оларды екі негізгі топқа бӛлуге
болады. Аналитикалық қабылдаудың жетіспеушілігімен байланысты процестер және оймен
байланысты санамен бақыланатын ерікті процестер кентаврдың образы атқа отырған адам
қандай да бір жануар ретінде қабылданған кезде пайда болды. Ал қанатты адам саналы түрде
пайда болды. Себебі ол ауада тез және жеңіл қозғалатын идеяны білдіреді. Қиял образдардын
қайта жасаудың неғұрлым ӛзекті әдістері схематизация және акцентировка болып табылады.
Схематизация
әр түрлі жағдайда орын алуы мүмкін. Біріншіден, схематизация
объектіні толықтай қабылдаған кезде пайда болуы мүмкін. Бұл, әсіресе балаларда кӛп
кездеседі. Екіншіден,
схематизациянын себебі, объектіні толықтай қабылдау барысында
сондай маңызды емес, детальдар мен бӛліктерді ұмыту болып табылады.
Ең соңғы, үшіншіде, схематизацияның себебі - объектінің аса мәнді емес немесе қосымша
жақтарынан саналы түрде бұрып әкету. Адам саналы түрде ӛз назарын объектінің манызды
қажеттері мен белгілеріне аударады.
Акцентировка образдың неғұрлым мәнді соған тән белгілерін сызып кӛрсету үшін
қажет. Бұл әдіс шығарма образдарын жасауда қолданылады. Бұл күрделі шығармашылық
процесс және осы образды жасаушы адамның индивидуалды белгілі бір ерекшеліктерін
кӛрсетеді.
Қиялдын индивидуалды ерекшеліктері және олардын дамуы.
Қиял адамдарда әр түрлі
дамыған және ол олардың іс-әрекеттерінде, қоғамдық ӛмірде әр түрлі кӛрінеді.
Қиялдың
индивидуалды ерекшеліктері адамның қиялының даму деңгейі бойынша және образ типтері
бойынша ажыратылатынымен түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: