Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары


-семинар  Семинар сабағының тақырыбы: Мінез Табиғаты



Pdf көрінісі
бет22/23
Дата15.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#139688
түріСеминар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
14-семинар 
Семинар сабағының тақырыбы: Мінез Табиғаты. 
Сабақ жоспары: 
1. Мінез туралы түсінік 
2. Мінез акцентуациясы 
3. Мінез теориялары 
4. Мінезді анықтау әдістемелері 
Сабақ мақсаты: 
Студенттердің мінез туралы білімдерін практикалық ӛмірмен ұштастырып 
дамыту. 
Сабақ түрі: 
пікірталас сабағы 
Мінез –бұл адамның әлеуметтік мінез құлқының ерекшелігі. Ол әлеуметтік топтағы 
жеке адамның ӛмір қалпын сәулелендіреді және жүктелген іске, адамдарға қарым - 
қатынасынан кӛрініп тұрады. Мінездің табиғи және әлеуметтік жағы. Мінезді тұтастай алып 
қарағанда, ол әлеуметтік ортадан алынған әсерлердің ӛзіндік интеграциясы болып табылады.
Мінездің мәнерлі белгілері: 
-Мінез тек қылық пен қимыл қозғалыстардан ғана емес, бет әлпеттен және ымнан да 
байқалады . 
-«Кӛз-адам жанының айнасы»-деген сӛз бар. Шынында да, кӛз мінез бен 
темпераменттің кейбір ерекшеліктерін байқатады. 
-Мінез адамның сырт қалпынан да байқалады. 
-Адамның алшаңдай немесе қысқа адымдап жүруі, тұрысы қолын қандай қалыпта 
ұстайтындығы да мінезін сипаттайды. 
Мінез маңызы. 
Мінез адам ӛмірін сәулендіре отырып, сонымен бірге ӛмір салтына 
ықпал жасайды. 
Мінез құрылымы. 
Мінез құрылымындағы сенім, Мінез құрылымындағы қажеттілік пен 
мүдде, Мінез құрылымындағы интеллект, Мінез құрылымындағы ерік, Мінез 
құрылымындағы сезім, Мінез құрылымындағы темперамент, Мінездегі индивидуалдылық 
пен типтілік.
Адам мінезіндегі индивидуалдылық. Әр адамның тәрбиесі мен ӛмірінде индивидуалды 
жағдайлар орын алады. Жалпы жағдайлардың ӛздері де нақты жағдайларда ӛзіне тән 
индивидуалды формада кӛрініс береді. 


Күнделікті ӛмірде "мінез" ұғымы әртүрлі мағынада қолданылады. "Мінез" ұғымын 
айналысқа алғаш рет енгізген ертедегі грек ғалымы және философы Аристотелдің досы 
(б.з.д. IV-III ғ.) Теофраст болды. "Мінез" гректің сӛзі, қазақша "белгі", "бітіс", "ерекшелік" 
деген мағынада қолданылады. 
Теофрастың мінездер туралы шағын трактаты сақталды, онда 30-ға тарта мінез 
суреттеледі. Теофрастқа дейін Аристотель жеке тұлғаның іс-әрекет немесе тәжірибелік 
жағын белгілеу үшін "этнос" сӛзін пайдаланды, ол "адамгершілік", "әдет", "ойлау бейнесі" 
мағынасын білдіреді. Бұл термин Аристотелдің "Этика", "Риторика" және "Поэтика" сияқты 
еңбектерінде жиі кездеседі, демек, осы еңбектерде мінезге байланысты мәселелер кӛп 
берілген. 
Аристотелдің терминологиясы мораль туралы ғылымда (этика) колданылды. 
Әрбір адам кез-келген басқа адамнан ӛзінің дара психологиялық ерекшелігімен анықталады. 
Бұл мағынада осы адамға тән белгілер туралы кӛп жағдайда айта аламыз. Психологияда 
"мінез" сӛзі белгілі мағынада қолданылады. Адамның кез-келген дара ерекшелігін мінез 
бітісі деп айта алмаймыз. 
Жалпы немесе кең мағынада адамньщ мінезі деп даралық анық байқалатын және 
адамның мінез-құлқы мен қылығына әсер ететін сапалық ӛзіндік психологиялық белгілерін 
айтамыз. 
Осы анықтамадан туындайтын адам мінезі туралы айтқанда адамның барлық анық, 
дара байқалатын және ӛзіндік психологиялык, белгілері болып табылады. Адамға сипаттама 
беру оған даралық тұрғысынан психологиясын беру деп түсінеміз, оның сапаларының 
қосындысын кӛрсету емес, сол адамды басқа адамдардан ерекшелейтін белгілерін бӛліп 
кӛрсету болып табылады. Мәселен, кӛп жағдайда адамның мінезі оның ӛмірі ұжымда қалай 
болатындығымен байланысты. Егер адам таза, әділ, еңбексүйгіш, кісімен тілтапқыш болса 
оның ұжымда жақсы ӛмір сүруі және еңбек етуі үшін қажетті шарты екендігін жақсы 
түсінеміз. 
Керісінше, еріншек, ӛзімшіл, ӛркӛкірек жан ұжымда жақсы сіңісіп кете алмайды, кейде 
ұжым мүшелерімен дау-дамайға келіп қалады. "Мінездері үйлеспейді" деген сӛз тіркесінің 
мағынасы — ұжымдағы адамдардың мінезі әртүрлі, үйлесімділіктің болмауы. 
Мұғалім ӛз шәкірттерін зерттей отырып, олардың анық байқалатын мінезіндегі даралық 
белгілерді анықтауға ұмтылады. 
Психологтар мінездің мәнін аша отырып, негізгі белгілерінің біріне дара ерекшелігін 
атап кӛрсетеді. А.Г.Ковалевтің және В.Н.Мясищевтің берген анықтамалары бойынша, "мінез 
— бұл ӛзіндік ерекшелігі бар жеке тұлға". 
В.А.Крутецкий мінезге мынадай анықтама береді. "Мінез — бұл жеке тұлғаның мәнді 
қасиеттерінің даралық - ӛзіндік бірігіп келуі". 
Мінез дегеніміз — адамдардың істеген іс-әрекетіне із қалдыратын ӛзіндік дара 
ерекшелігі. Мінез — кең мағыналы ұғым, онда адамның әртүрлі қасиеттері мен сапалары 
тоғысып жатады. 
Мінез — жеке адамның тіршілік жағдайындағы қылығын бейнелейтін тұрақты және 
мәнді психикалық ерекшеліктерінің үйлесімі. Мінез ӛмір, тәрбие үрдісінде калыптасады, 
адамның ӛмір қалпы мен жағдайын кӛрсетеді. Олардың ӛзгеруіне байланысты мінез де 
ӛзгереді. 
Күнделікті ӛмірде адамды ӛзімшіл немесе кӛпшіл, қарапайым немесе қатыгез, ұстамды 
немесе ұстамсыз, табанды, батыл, қызу қанды, салқын қанды және т.б. деп сипаттайды. Осы 
айтылғандардан кӛретініміз, мінез — жеке тұлғаның әртүрлі психикалық қасиеттерін 
қамтитын біртұтас құрылым. 
Белгілі психологтар А.Г.Ковалев, В.Н.Мясищев, В.С.Мерлин, В.А.Крутецкий мінездің 
мәнін дүниеге карым-қатынастар жүйесінде, демек, бағыттылықта кӛре білді, ал И.В.Страхов 
мінездің эмоциялық түрінің рӛлін атап кӛрсетті. 


Қазіргі батыс психологтарында мінезге анықтама беруде әртүрлі кӛзқарас байқалады. 
Ерекше кең тараған түсінік — мінезді жеке тұлғаның этикалы қыры немесе түрі ретіндегі 
кӛзқарас. 
Грек философы негізін салған "мінездеме" тек адамның адамгершілік бейнесін 
суреттеуден тұрады. Осындай мағынада "мінез" терминін XVII ғасырда Лабрюйер қолданды. 
Сонымен, "мінез" сӛзі о бастан адамның әлеуметтік-адамгершілік келбетін бейнелейді, бұл 
мағынада темпераментке қарама-қарсы мәнге ие болады. 
XIX ғ. мінезді таза психологиялық бағытта интеллектінің, сезімнің және еріктің 
(А.Бек), сезім мен еріктін (Рибо), тек қана еріктің (П.Ф.Лесгафт) дара ерекшеліктері ретінде 
қарастырады. 
XX ғасырда мінезді психиканың жекелеген салаларының ерекшеліктері емес, ал тұтас 
тұлғаның қасиеті деп түсінді. Материализм мен идеализмнің күресінде мінездің тұқым 
қуалау немесе ӛмір барысында пайда болғандығы туралы мәселе ерекше маңызға ие болды. 
И.Кант XVIII ғасырда "мінездің темпераменттен айырмашылығы ӛмір барысында 
қалыптасады" деді. 
Бірақ дара ерекшеліктерді түсіндіргенде ол туа біткен және омір барысында 
қалыптасқан қасиеттердің айырмашылығын түсіндірен жок, Рибо мінез тұқым арқылы 
берілетін қасиет екендігін атап ӛтті. Осы екі бір-біріне қарама-қарсы кӛзқарас күні бүгінге 
дейін жалғасып келеді. 
Белгілі АҚШ психологі Боннер ӛзінің жеке тұлға туралы монографиясында "Мінез 
және адамгершілік мінез-құлық" атты арнайы тарау берді. Ол жеке тұлғаның этикалық 
мәселелерін ерекше атай отырып, сонымен қатар, мінездің тұтастық қасиетіне ерекше мән 
берді. 
Мінез туа біткен қасиет арқылы берілмегенмен, адам табиғи құрылымының 
ерекшеліктері, ең алдымен жүйке қызметі мінездің кӛрінуінде, сондай-ақ оның жеке 
белгілері үрдісін қалыптастыруда байқалады. 
Жүйке үрдістерінің ұстамдылығы немесе ұстамсыздығы, күші немесе әлсіздігі, 
қозғалғыштығы немесе енжарлығы — осының барлығы белгілі дәрежеде адамның мінез-
құлқы мен іс-әрекетіне әсер етеді. Жүйке жүйесінен басқа адам мінезіне ағзаның басқа да 
белгілерінің әсері ерекше: жүрек-қантамырлар, ас корыту және эндокриндік жүйелер. 
Демек, ғылыми-жаратылыстану негіздері тұрғысынан мінез жүйке жүйесі қызметінің типтері 
белгілерінің және бас ми қыртысының уақытша байланыстар түрінде бекіген ӛмірлік кӛңіл-
күйдің кӛрінісі болып табылады. 
Мінездің кӛрінісі тек қана әрекетте және қылығында аңғарылып қоймайды, сонымен 
қатар тілінде, бет-пішінінде және дене бітімінде байқалады. Барлық тілдік ерекшеліктері 
мінездің және темпераменттің белгілі қасиеттерін білдіреді. Мінез жеке тұлғаның сырт 
келбетіне із қалдырады. Адамның бет-пішіні әртүрлі мінез бітістері жағдайында ӛзгеріп 
отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет