78
Етістіктің нақ осы шағы (күрделі түрі)
Сөйлеп тұрған уақытта орындалып жатқан іс-əрекетті, қимылды білдіретін
етістіктің түрі етістіктің осы шағы деп аталады. Етістіктің осы шағы екіге бөлінеді:
ауыспалы осы шақ жəне нақ осы шақ. Нақ осы шақ етістік құрамына қарай: жалаң нақ
осы шақ жəне күрделі нақ осы шақ болып екіге бөлінеді. Бір
ғана етістіктен жасалған
түрін жалаң нақ осы шақ деп атаймыз. Мысалы: Қазір ол далада жүр.
Екі немесе одан да көп етістіктің тіркесуінен жасалған түрін етістіктің күрделі нақ
осы шағы деп атаймыз. Күрделі нақ осы шақ етістік көсемше мен қалып етістіктің
жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Ұлым аулада доп ойнап жүр. Айнұр дүкенге
бара жатыр.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Отандық өнімдер тұтынушылардың көңілінен ... жүр.
А) алып
В) ұнап
С) келіп
D)
шығып
1) тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздерді алмастыруға болмайды,
сондықтан көңілінен алып жүр түрінде қолданылмайды;
2) көңілінен шығып жүр тіркесінің орнына көңілінен ұнап жүр түрінде
қолданылмайды;
3) ұнады деген мағынада жұмсалатын көңілінен шықты
тіркесінің орнына көңілінен
келіп түрінде қолдануға болмайды;
4) шығып сөзі көңілінен сөзімен тіркесіп, сөйлемді мағыналық жақтан толықтырады.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті тіркесті қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное словосочетание.
Далаға шықсам, жаңбыр ... .
А)
өтіп тұр
В) сеуіп жатыр
С) жауып жатыр
D)
болып жатыр
1) өтіп тұр тіркесі жаңбыр сөзімен тіркеспейді;
2) сеуіп жатыр тіркесі жаңбыр сөзімен тіркеспейді;
3) жауып жатыр тіркесі мағыналық жақтан үйлеседі,
жаңбыр сөзімен тіркесе алады;
4) болып жатыр тіркесі сөйлем мазмұнымен сəйкес келмейді.
♦ Осы сəтте орындалып жатқан іс-əрекетті білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение, в
котором действие выполняется в настоящий момент.
А) Айымгүл ағасына хат жазып отыр.
В) Бұрын адамдар жиі хат жазысатын.
С) Əжем əскердегі ағама хат жаздырды.
D) Айымгүл құрбысымен хат жазысып тұрған екен.
1) сөйлемде сөйлеп тұрған уақытта болып жатқан іс-əрекет туралы айтылған;
2) сөйлемде осы сəтте орындалып жатқан іс-əрекет туралы емес,
орындалған іс-
қимыл жайлы баяндалған;
3) сөйлемдегі іс-əрекет бұрын орындалған;
4) сөйлемде бұрын орындалған іс-қимыл баяндалған.