Оқуға арналған материал Ұлттық сана және «әліпби» концептісі мәселенің мән-жайы түсінікті болуы үшін сана деген ір-
гелі ұғымды еске түсіруімізге тура келеді. Бұл аталған күрделі
ұғымның арғы жақтағы қатпарларына бармай-ақ, қысқа
қайырсақ, сана дегеніміз адамдардың ақиқат дүниедегі зат,
құбылыс, уақиға т.б. түйсінуі, қабылдауы және оларды ой еле-
гінен өткізу барысында пайда болған, қалыптасқан түсінігі мен
көзқарасы дегенге саяды.
түсінік, көзқарас, әрине, алдымен адам санасында, тілдік
ұжымның санасында ақиқат дүниеден қабылданған әртүрлі
ақпарлардың жинақтала, қорытыла келе білімге айнала-
ды. Ондай білімдердің біралуаны ұрпақтан-ұрпаққа беріліп
келе жатқан «д ә с т ү р л і білімдер» болса, бір алуаны тіл-
дік ұжым мүшелерінің әрқилы ақпараттарды салыстыру, ойлау
нәтижесінде пайда болған «т а б и ғ и б і л і м» жүйесі болып
табылады. Білімнің тағы бір түрі арнайы бағдарлама бойынша
оқыту барысында мектепте, жоғары оқу орындарында, арнаулы
курстарда алынған ү й р е т і н д і б і л і м д е р жүйесіне жата-
ды.
мысалы, «әліпби» деген концептіде (когнитивтік бірлікте)
әртүрлі білімдер жүйесіне жататын ақпараттар тілдік таңбалар
арқылы кодқа салынған. «Әліпби» – ақиқат дүниенің үзігі.
Ол жөнінде тілдік ұжымның, оның мүшелерінің санасында
ақпараттар жинақтала екшеле келіп, «концепт» деп айтылатын
когнитивтік құрылым арқылы білімге айналады.
Кирилл, латын, араб, Орхон әліпбилері туралы тілдік
ұжымның когнитивтік санасында кодқа салынған ақпарттар
жинақтала келіп, білімге айналады. ал білімнің өзі тұрмыстық
деңгейдегі, энциклопедиялық деңгейдегі білім деп бөлінеді.
тілдік ұжымның санасында білім түрінде жинақталған
ақпараттарды жүйелеп көрсету арқылы еліміздегі әліпби саяса-
тына «жұртшылықтың қалай қарайтынын» байқауға, бағамдауға
азды-көпті мүмкіндік береді. ¤йткені мұндай білімдер жүйесі са-
яси, мәдени–әлеуметтік, тілдік, психологиялық, экономикалық
факторлардың қалыптасуына әсерін тигізеді.
Әліпби әріптер арқылы белгілі бір тілдің мағыналық
бірліктерінің дыбыстық тұрпатын белгілейді. Бұл тұрғыдан
қарағанда, әліпби – таза лингвистикалық ұғым. Сонымен бірге
әліпбиді белгілі бір тілдік қоғамдастықтағы таза лингвистикалық
мәнділік қана емес, мәдени–тарихи ақпараттар (информа-
ция) кодқа салынған концепт (кең ұғым) деуге болады. егер
әліпбиді тілдік ұжымның когнитивтік санасындағы мәдени–та-
рихи, лингвистикалық ақпараттар кодқа салынған концепт деп
қарасақ, ондағы кодты шамамен былайша ашуға болады:
мысалы, Орхон әліпбиі V – VIII ғғ. түркі қағанаты қолданған
әліпбидің жазуы; түркі қағанатында жазба коммуникация
болған және ол бұқаралық сипатта болғанға ұқсайды, өйткені
тек бір ғана әлеуметтік жіктің қаған мен бектердің ғана емес,
өзге де әлеуметтік төмен жікті қамтығанға ұқсайды; Қазіргі
түркі халықтары (чуваштардан басқалары), оның ішінде қазақ
тілі де Орхон–енесей әдеби тілінің мұрагері. тілдің барлық
деңгейіндегі дыбыстар, грамматикалық бірліктер, лексика–
фразеологиялық жүйесі де қазақ тілімен ортақтықтары бар, сон-
дай-ақ қазақ тілінің жүйесінен (қыпшақтық жүйелері) өзгеше,
басқа туыстас тілдерде кездесетін құрылымдар бар.
Орхон әліпбиінің вокализм жүйесі 8 дауыстыдан, консонан-
тизм жүйесі 16 дауыссыз дыбыстан тұратыны белгілі:
а, а; о, ő; u (ұ), ű (ү) бұл жерде назар аударатын қиындық
а (ә) дыбы-
сын белгілейтін таңба [
е ]-ні де, [
і ]-ні де белгілеген. 16 дауыс-
сыз
в, č, d, g/γ, k/q, j, l, m, n, n’, ŋ, p, r, s, š, t, z дыбыс 32 әріппен
таңбаланған. ¤йткені жуан дауыстылармен келген сөздерде да-
уыссыз бір таңбамен, жіңішке дауыссыздармен келген сөзде
басқа таңбамен белгіленген. мысалы, Орхон әліпбиіне көшетін
болсақ,