Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет147/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

<ч>, <ф>, <ц>, <щ>
сияқты 
орыс тілі дыбыстарына таңба арналған,
<к>, <г>, <ң>
фоне-
малары 
к’, g’, n’
арқылы белгіленеді. Бірақ аталған әліпбиде 
апостроф жіңішкелікті екінші мәрте көрсететін кезі бар: 
’k’өr 

көр
, сондай-ақ басқа функцияда да (
n’<ң>
) жұмсалды. Шет тіл 
дыбыстарына қосар таңба алынды да, бұл і түркітанушылардың 
құрылтайында қабылданған қаулыға сәйкес келмеді.
Жалпы, латын жазуына көшу Орта азия түркі халықтарын- 
да, әсіресе татар халқы мен қазақ даласында бірауыздан қол- 
дау тапқан жоқ. Процесс өте баяу, жай өрбіді. Сондықтан 1928 
жылы 18-23 желтоқсан аралығында Қазанда жаңа түркі әліпбиі- 
нің бүкілодақтық орталық комитетінің ііі пленумы шақыры- 
лады. Қазақстаннан асфендияров, О.Жандосов, нұрмақов,
т.Шонанұлы, тоғжанов, т.рысқұлов сынды білімпаздар қатына- 
сады. Пленумда көтерілген мәселелер негізінен латын әліпбиіне 
көшу баяулығы, әзірбайжан жазуы қабылданған әліпби не-
гізінде өзге түркі халықтарының әліпбиін бірдейлестіру, жазу 
тарихындағы сол дәуірді мұрағат ретінде сақтау, бас әріп мәсе- 
лесі, емле принципі, фонетикалық пен морфологиялық прин- 
ципті қатар ұстау деген мәселелер төңірегінде болды. н.Ф.Яков- 
лев унификацияның графикалық, фонетикалық, орфографиялық 
түрлері болады. негізгі бірлестіру фонетикалық болып табыла-
ды, ол әр таңбаның ортақ дыбыстық мағынасы бар болу деген 
сөз деді. О.Жандосов Қазақстан латын жазуына көшуді кешеу-
ілдетіп отырса да, бірлестіру жағынан Әзірбайжаннан алда тұр,
бірлестіру негізіне бір жазуды алу деген дұрыс емес, өйткенде 
әр халық өз жазуының дұрыстығын дәлелдейді. толық унифика-
ция жасау мүмкін емес, дауыссыздарды да бірлестіру керек деді 
автор және Қазақстанда ескі арабшылдардың күні таяды деген-
ді былай білдірді: “было время, когда казахский крестьянин по 
поводу любого вопроса, имеющего большое общественное зна-
чение, спрашивал, что скажут Букейханов и Байтурсынов. Это 
два толпа казахского прошлого, казахского национализма, смесь 
патриархальных предрассудков с буржуазно-националистичес-
кими представлениями”. 
Сөйтіп, 1929 жылы қазақ жазуының араб әліпбиінен латын 
графикасына түпкілікті көшкенін хабарлайтын “Жаңа алфавит 
туралы қаулы” шықты. мұндағы әліпбиде 29 әріп болады (3-
кесте). 


232
233


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет