ауызекі сөйлеу тілі
(отбасы, аула т.б.),
бейтарап әдеби тіл
(БаҚ тілі, шешендік сөз, дәріс, жиналыс),
ресми тіліне
(мектеп бағдарламасы, ғылыми конференция,
жиналыс сөзі т.б.) бөлінеді. Жазба тіл
жазба ауызекі тіл
(хат,
қолхат, интернет тілі) және
жазба әдеби тілге
(көркем әдебиет,
публицистикалық, ғылыми, ресми ісқағаздар стилі) ажырайды.
Сонда кез келген сауаты бар адам алғашқы үш сатыны
меңгереді, санасында айту-есту, жазу-көру елесі тұрақты бо-
лады. тілдің шығуының өзі бір нәрседен әсер алу және оны
сыртқа шығару мотивінен пайда болғандықтан, кез келген адам
табиғатына көркем әдебиет мәтіні жақын тиеді. Сондықтан
сауаты бар адам көркем әдебиет стилінде өзі жаза алмаса да,
сол стильде жазылған мәтінді қабылдап, түсіне алады, яғни
оның көркемдеп жеткізу және ойлау елесі толық болады.
Публицистикалық стиль туралы да осыны айтамыз.
ал ғылыми мен ресми ісқағаз стилін кез келген адам түсіне
де, пайдалана да алмауы мүмкін. Өйткені ол ұғым, түсінік
пайымдау мен (ғылыми стиль), әлеуметтік, қоғамдық, саяси
жағдаятпен (ресми ісқағаздары) байланысты.
Сонымен, тілді меңгеру деген ауызекі сөйлеу тілінен жазба
әдеби тілге қарай (әсіресе ғылыми, ресми ісқағаздары) қиындай
түседі. Ол, ең алдымен, жазу жүйесінің күрделілігінен шығады.
ауызша тіл мен жазба тіл арасында бейтарап әдеби тілдің бо-
луы алдыңғысынан соңғысына көшуді жеңілдетеді, яғни ауызша
сөйлеу тілі мен әдеби тілді жазу арқылы қағазға түсіріп үйренген
адам, бірте-бірте жазу жүйесіне де ене бастайды.
Ауызша тілдің өзіне тән ерекшеліктері.
Жазу жүйесінің
күрделілігі неден басталады, ауызша тіл мен жазба тіл арасы
қандай деген сауалдар төңірегінде ойлану үшін алдымен ауызша
тілдің өзіне тән ерекшелігін саралау керек. ауызша тілдің өзіне
тән ерекшелігі айқындалса, жазба тілдің белгілері екшеледі.
Сөйлеу тілін зерттеу тілдік жүйені жүзеге асыру мүмкіндіктері
мен перспективасын білуге қызықты деректер бере алады, ол
арқылы тіл мен сөйлеу арасын анықтауға болады .
ауызша тіл дегеніміз ішкі сөйлеуді дыбыстау мүшелері
арқылы дыбыс толқындарымен сыртқа шығаратын, белгілі бір
тілдік таңбаға кодталған, естілетін және айтылатын тілдік жүйе
немесе ойдың дыбысталуы, ойдың дыбыстық кодқа айналуы.
ауызша тіл – уақыт пен кеңістік жағынан мобильді, айты-
латын сөзді сол мезетте сол қалпында қайталау мүмкіндігі жоқ
тіл.
ауызша тілде ең алдымен, сөз экономиясы болады. Ол:
коммуниканттардың паралингвистикалық, экстралингвистика-
лық, суперсегментті тәсілдер қорына: интонация, жест, тон,
темп, мимика, затты көрсете алу, имплицитті семантика, фонға
ие болуынан;
- конситуация коммуникацияның толық мүшесі болуынан,
қоғамдық-әлеуметтік контекстің болуынан;
- осыған байланысты сөздердің семантикалық байланысының
күштілігі, морфологиялық формасыз, шылауларсыз байланыса
беруінен;
- аналитизм, инверсияның күштілігінен;
- коммуниканттардың санасында вербалданбайтын жасырын
мазмұнның болуынан шығады.
мысалы, үй іші жағдайындағы екі әйелдің әңгімесінен “
Бір
айдай жатып, жұмысқа бармай, қашып, барса, бәрін осыған
жауып, оңбағандар, содан мойнына бәрін ілген, алғанын да,
алмағанын да, содан қойшы әйтеуір, мен білем, таза екенін,
бір құдайдың өзі біледі, маған айтты бәрін жыр қылып, сол
құртып кетті, баланы күйдіріп ап, қайта құдай сақтап, бұны
шақыртып, жақсы болған жерден шақыртып, бір уақытта
Тукаш келді, айтып берді Данияр. Әлі күнге дұрыс тұра алмай
-
ды ешқайда”
деген мәтін жазылып алынды. Бұл сөйлемдердің
мағынасын адресат (екінші әйел) түсініп, қоштап, бірге айты-
сып отырады, өйткені екі коммуникант арасында білім аясы
ортақ. Диалог қысқа, жүйесіз, тілдік элементтерге тапшы болса
да, іі-коммуникант сөйленіс мазмұнын түсініп, имплицитті ой-
ларды эксплициттеп қабылдап отырады. Бұл қысқа құрылымда
мынадай ой болған:
Достарыңызбен бөлісу: |