Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


ы, і  дыбыстарына қарағанда,  е



Pdf көрінісі
бет89/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

ы, і 
дыбыстарына қарағанда, 
е 
езулігін 
өзгерту тіпті қиын. Сондықтан мұндайда екінші буындағы ды-
быс таза 
е 
де, таза 
ө 
де емес болып айтылады. Қараңыз: 
құрмет 
– құрмөт, құрметте – құрмөтте, сүрме – сүрмө, сүрмелеу – 
сүрмөлеу, сурет – сүурөт. 
Е 
мен 
ө
-нің арасындағы аралық реңкті 
й 
деп көрсетуге болады (құрмет – құрмйт, сурет – сүурйт).
ал біріккен сөз, кіріккен сөз, бір деммен айтылатын ырғақты 
топ сыңарларының алдыңғысындағы еріндік соңғысына әсер 
ете алмайды. мысалы: 
сол кез – солгез (солгөз емес), соқыр сенім 
– соқұр€ сенім (соқұр€сөнүм емес), сутегі – сұутегі (сұутөгү 
емес), сусімір – сұусімір (сұусүмүр емес), суығыстырым – 
сұу€ығыстырым, (сұу€ұғұстырым емес), супияз – сұупыйаз, 
(сұупұйаз емес), сужылан – сұужылан (сұужұлан емес), сужегі 
– сұужегі (сұужөгү емес), су етті – сұу€етті (сұу€өттү емес) 
т.с.с. 
ереже ескертусіз болмайтыны сияқты үшінші буыннан ар-
тпайтын ерін үндестігі кейде 4-5 буындарға өтіп кетеді. Үш буын 
ерін үндесімімен айтылып, төртінші, тіпті бесінші буын езулік, 
ал келесі буында
 
ұу, үу 
тіркесі келетін болса, онда сөз бастан-аяқ 
ерін үндестігімен айтылады. мысалы: 
сүйкімдену – сүйкүмдөнүу 
(сүйкүмденүу емес), 
бірақ 
сүйкімденбеу – сүйкүмденбеу.
төмендегі сөздердің айтылу нормасын сақтап, жаттығып 
көріңіздер:
түлкілену – түлкүлөнүу
түркілену – түркүлөнүу
түнделету – түндөлөтүу
түрткілену – түрткүлөнүу
түртпектелу түртпөктөлүу
түрпілену – түрпүлөнүу
Дауыстылардың үндесімін сөз еткенде үнемі мына бір нәрсені 
есте ұстаған жөн. Дауыссыздарға қарағанда дауыстылардың ай-
тылу реңкі өте құбылмалы, тұрақсыз болып келеді. Оның үстіне 
жалпы көпшілікке ұсынатын әдебиеттерде (орфографиялық 
сөздік, айтылу нормасының анықтағыштары) дауыстыларды 
белгілейтін әріп таңбасы да әліпбидегі дауысты таңбасынан ас-
пайды және сонымен бірдей болады. Сондықтан әрпіне қарап, 
дыбысын да солай оқып, аздап қайшылық туады. Сол себепті 
тіл үндестігінде де, ерін үндестігінде де, яки жіңішке буыннан 
жуан буынға (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет