Интернет-тәуелділіктің студент психологиясына әсері



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата20.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#141842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Педагогика 4-2022-228-238 (1)

Л. Навий, Ж.Т. Шурманова, Г.М. Ракишева


230
№ 4(141)/2022
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. 
Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы

ISSN: 2616-6895, eISSN: 2663-2497
өмірдің кез-келген көрінісін жасыру мүмкін-
дігінің арқасында жүзеге асырады, бұл жыны-
сты ауыстыру, шын есімін жасыру, шынайы 
тәжірибесін, эмоцияларын жасыру және 
болмаған тәжірибені жасап көру, виртуалды 
тұлғаның роліне еніп, жаңа мүмкіндіктерге 
қол жеткізу [4]. 
Интернет-тәуелділіктің негізгі нысаны: 
желідегі саяхат, мәліметтер базасында, жүй-
елерінде ақпаратты іздеу, онлайн ойындар, 
виртуалды танысу чаттары, киберсекс және 
онлайн биржа саудасы кіреді. Осы негізгі 
нысананы ескере отырып В.Д. Менделевич 
интернетке тәуелді адамдардың келесі түр-
лерін анықтады. Олар: 1. Интернет-құмар 
ойыншылар - әртүрлі интернет ойындарын, 
лотереяларды, аукциондарды пайдаланатын 
адамдар. 2. Интернет-жұмысшылар өздерінің 
воркольизмін интернет арқылы жүзеге асыра-
ды (интернетті іздеу ресурстарын пайдалану, 
бағдарламалау). 3. Интернеттегі жыныстық 
тәуелділер әртүрлі порно сайттарға кіреді, 
виртуалды жыныстық қатынастармен ай-
налысады. 4. Ғаламтор эрохоликтері – желі 
арқылы танысып, махаббат романдарын 
құратын тәуелділер. 5. Интернет арқылы са-
тып алушылар - шексіз онлайн сатып алулар 
арқылы ақша жұмсауға тәуелділікті жүзеге 
асырады. 6. Қарым-қатынас тәуелділер - қа-
рым-қатынас чаттарында сағаттап сөйлесіп, 
электрондық поштаны шексіз тексереді және 
т.б., яғни шынайы қарым-қатынасты виртуал-
ды қарым-қанысқа ауыстырған адамдар [5]. 
Қазіргі уақытқа дейін интернетке тәуел-
діліктің дамуының бірыңғай критерийлері 
жоқ. Ғылыми әдебиеттерді талдау жасау 
арқылы И.Гольдберг, К.Янг, А.В. Войскун-
ский, Н.Котляров, және т.б. зерттеушілердің 
интернетке тәуелділіктің негізгі критерий-
лерін анықтауға тырыстық. Осы уақытқа дей-
ін бұл ерекшеліктердің 20-ға жуық белгілері 
анықталды. М. Орзак дәрігер зерттелген
сипаттамаларды жүйелеп, оларды интерне-
тке тәуелділік белгілері ретінде «психоло-
гиялық және физиологиялық» деп екі түрге 
бөлген. М. Орзактың айтуынша, интернетке 
тәуелділіктің психологиялық белгілері желі-
де өзін жақсы сезіну немесе эйфория жата-
ды. Интернетте жұмыс істеуге көбірек уақыт 
жұмсауға ұмтылу және белгілі бір жұмыстың 
аяқталу уақытын жоспарлау мүмкін еместігі; 
үй шаруасын, оқуды немесе қызметтік мін-
деттерін, маңызды жеке және іскерлік кезде-
сулерді ұмыту қабілеті мен бейімділігі, ин-
тернетті шарлау кезінде сабақтарды немесе 
мансапты елемеу; интернеттен алшақтатуға 
қабілетсіздік және қаламау; мәжбүрлі алаңда-
ушылықтан туындайтын тітіркену, сондай-ақ 
жинақталған ақшаны басқа мақсаттарға жұм-
саудан немесе қарызға батудан тартынбай, 
интернетте көбірек ақша жұмсауға ұмтылу; 
жақын адамдардан немесе басшылардан 
жасаған іс-әрекеті үшін сынды қабылдамау; 
интернетті пайдалану ұзақтығы мен жиілігі 
барысында достары мен отбасына өтірік ай-
тудан тайынбау. Физиологиялық белгілеріне 
- қолдың сырқырауы, көздің құрғауы, бастың, 
арқаның ауруы, дұрыс тамақтанбау, тамақта-
ну уақытын өткізіп алу, жеке бастың гигиена-
сын елемеу, ұйқының бұзылуы жатады [6,7].
Р.Дэвис интернет-тәуелділігіне байланы-
сты зерттеулердің нәтижелерін қорытынды-
лай келе, интернетті патологиялық пайда-
ланудың когнитивтік-мінез-құлық моделін 
ұсынды. Ол интернет-аддикцияның екі түрін 
анықтады, ол интернетті нақты патологи-
ялық пайдалану және жалпы патологиялық 
интернетті пайдалану деп белгіледі. Бірінші 
түрі - интернеттің белгілі бір функциясына 
тәуелділік (онлайн секс қызметтері, онлайн 
аукциондар, акцияларды онлайн сату, құмар 
ойындар). Бұл түрі желіде отырмаса да ад-
дикция тәуелділігі сақталады. Екінші түрі ин-
тернетті арнайы емес, көп мақсатты шамадан 
тыс пайдалану болып табылады және нақты 
мақсатсыз желіде көп уақыт өткізуді қамтиды 
(чат, электрондық поштаға тәуелділік), яғни, 
ғаламтор көбінесе әлеуметтік аспектілермен 
байланысты [8].
Жоғарыда қарастырылған зерттеушілердің 
нәтижелерін қорытындылай келе интерне-
тке тәуелді тұлғаның келесі ерекшеліктерін 
ажыратуға болады: шизоид, қозба мінезді, 
тұрақсыз немесе эпилептикалық түрінің ак-
центуациясы; өзінің физиологиялық «Мен» 
(өз денесін) жағдайын қиын қабылдау; жиі 
Интернет-тәуелділіктің студент психологиясына әсері


231
№ 4(141)/2022
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. 
Серия Педагогика. Психология. Социология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. 
P
edagogy. 
P
sychology. 
S
ociology 
S
eries
Л. Навий, Ж.Т. Шурманова, Г.М. Ракишева
қарым-қатынасты қалайтын және оны ті-
келей жүзеге асырудағы туғызатын қиын-
шылықтар; өзара түсіністіктің болмау сезімі; 
эмоционалды шиеленіс; теріс бейімділік; 
фрустриациялық қажеттіліктердің болуы; 
еркіндіктің ерекше құндылығы; сараланбау, 
идеалды «Мен» туралы бағалау; жауапкер-
шіліктен қашу. Интернетке тәуелді адамдар 
интернетті пайдалану «тек жұмыстың бір 
бөлігі ғана», «бұл жай ғана табыс» және «оны 
барлығы пайдаланады» деп, өздерінің тәуел-
ділігін жоққа шығаруға тырысады. Осы топ-
тағы интернетті пайдаланушылар мерзімді 
немесе әрқашан туындайтын физиологи-
ялық, әлеуметтік, кәсіби немесе психологи-
ялық проблемаларға қарамастан интернетті 
қолдануды жалғастырады [9]. 
Студенттер интернетті қолданушылар-
дың ішінде белсенді топқа жататын өскелең 
кезеңнің өкілдері болып табылады. Осылай-
ша, шетелдік авторлардың еңбектерін талдай 
отырып, қазіргі ғылымдағы студенттер ара-
сында интернет-тәуелділікті зерттеудің негізгі 
бағыттарын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: 
интернет-тәуелділіктің диагностикалық кри-
терийлерін әзірлеу; интернет пайдаланушы 
тұлғасына виртуалды қарым-қатынастардың 
ықпалын зерттеу; интернет пайдаланушылар-
дың жеке басын және олардың желіде өзін-өзі 
ұстау процестерін зерттеу; интернет арқылы 
жүзеге асырылатын коммуникативті проце-
стердің психологиялық аспектілерін зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет