Бағдарлама міндеті: 1. Студенттердің әлеуметтенген мі-
нез-құлыққа тұрақты мотивациясы арқылы
интернет желісінде қауіпсіз жұмыс істеуге үй-
рету дағдыларын қалыптастыру.
2. Интернет тәуелділікке қарсы тұру
үшін қажетті дағдылар мен көзқарастарды қа-
лыптастыру.
3. Студенттердің бойында тұлғалық,
коммуникативті қабілеттерін дамуына ықпал
ететін психологиялық білімдерін дамыту.
Әзірленген әдістемелік бағдарлама негізгі
үш компоненттен тұрады:
1. Білімділік компонент: интернеттің
адамға әсер ету механизмдері туралы. Ин-
тернетке тәуелділіктің себептері, клиника-
лық көріністері, диагностикалық әдістері мен
салдары туралы ақпараттандыруды қамтиды.
Бұл компоненттің мақсаты студентті интер-
нетке тәуелділіктің дамуы кезінде адаммен не
болатынын түсінуге және білуге үйрету.
2. Психологиялық компонент: Интер-
нетке тәуелді студенттердің психологиялық
ерекшеліктерінің өзгеруін қамтиды. Ұжымға
қолайлы сенім ахуалын құру және оларды
психологиялық бейімдеу. Бұл компонентті
жүзеге асыру мақсаты студентке психологи-
ялық қолдау көрсету; мазасыздықты, депрес-
сияны жеңуге көмектесу; өз эмоциясын басқа-
ру, өзіне деген сенімділікті, өзін-өзі дұрыс
бағалауды, күйзеліске қарсы тұруды, алға
қойған мақсатқа жетудегі табысқа бағдарлау-
ды қалыптастыру.
3. Әлеуметтік компонент: Студенттердің
әлеуметтік бейімделуіне, олардың шешім
қабылдау дағдыларын дамытуға, жағымсыз
әсерлерге қарсы тұруға, тұлға аралық қа-
рым-қатынасқа, салауатты өмір салты мотив-
тері мен дағдыларының дамуына көмектесу.
Талқылау Интрернетке тәуелділікті анықтау үшін
Көкшетау қаласының жоғары техникалық
колледжінің 195 студенті қатысты. Соның
ішінде 147 ер бала, 48 қыз бала. Алғашқы
сауалнамаға Кимберли Янгтың «Интернет
тәуелділік сынағы» тестісі қолданылды. Бұл
студенттер арасында интернетке тәуелді сту-
денттердің жалпы санын анықтауға көмек-
тесті. Интернет тәуелділігі қалыптасқан және
тәуелділікке бейім студенттердің тәуелді болу
себебін С.Н. Ченнің «Интернетке тәуелділік
шкаласы» арқылы анықтадық. Бұл сауалнама
арқылы студенттердің көбі уаққытты дұрыс
басқара алмаудан және төзімділіктің бол-
мау белгілері, компульсивтілік белгілердің
жоғары екендігін көрсетті. Осыған байланы-
сты бағдарлама бойынша тренинг-сабақтар
жүргізілді. Тренинг барысында достары,
топтастары арасында дұрыс қарым-қатынас
жасау кедергілері бар екендігі белгілі болды.
Қарым-қатыс жасауда өз-өзіне сенімсіздік,
ой бөлісу, ұялшақтық байқалды. Интернет
желісін шамадан тыс пайдалану салдарынан
сабаққа дайындалмау, не үй шаруашылығына
көмектеспеу себеп болған. Интернет желісін
шарлау, әлеуметтік желілерінде виртулды
достарымен араласу, интернет ойындарын
ойнауға байланысты уақытты қадағаламау,
дұрыс ұйықтамау, сабаққа кешігулер болған.
Войскунский А.Е. интернетке тәуелділік
феноменіне тән мінез-құлық сипаттамала-
рында - интернет желісін шарлау барысында
уақытты мөлшерлемей қолдана беру уақытын
ұлғайту және жұмыстың белгілі бір сессиясы-
ның аяқталу уақытын жоспарлай алмау; ин-
тернетті шарлаудың ұзақтығы мен жиілігін
азайту арқылы достары мен отбасы мүше-
леріне өтірік айтуға дайын болу; интернетте
жұмыс істеу кезінде үй шаруасы, оқу неме-
се қызметтік міндеттер, маңызды жеке және
іскерлік кездесулер, оқуға немесе мансапқа
немқұрайлы қарау туралы ұмыту қабілеті мен
бейімділігі; өз денсаулығына немқұрайлы қа-
рау атап айтқанда, түнде интернетте жүйелі
жұмыс істеуге байланысты ұйқы ұзақтығы-
ның күрт қысқаруы; интернетті пайдалану-
мен байланысты шұғыл жұмыстарды орын-
дау қажеттілігімен негізделетін физикалық
белсенділіктен бас тарту немесе оны азайтуға
ұмтылу туралы айтылған болатын.
Л. Навий, Ж.Т. Шурманова, Г.М. Ракишева
234
№ 4(141)/2022
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы ISSN: 2616-6895, eISSN: 2663-2497