18
жасаған құнды зерттеу еңбектердің қосылуына түрткі болды. Соның
нəтижесінде фразеологизмдердің аталған үшінші түріне төртінші етіп,
Н.М. Шанский
фразеоло
гиялық сөйлемше
деген түрін қосады. [Лек-
сика и фразеология современного русского языка М.,1957, с. 121]
Фразеологияның жеке лингвистикалық пəн болып қалыптасуы мен да-
муына В.В.Виноградовтан соң орыс тіл білімінің біраз тілші ғалымдары
ғылыми ой-пайымы жоғары, ізденіс салаларының өзектілігі терең əрі
жан-жақты өз зерттеулері арқылы үлес қосты. Мəселен, өткен ғасырдың
екінші жартысында В.А.Архангельский, В.П.Жуков. А.И.Молотков,
Н.Шанский, А.М.Бабкин т.б. ал соңғы ширегінде А.М.Мелерович,
В.М.Мокиенко, В.Н.Телия, Н.Ф.Алефиренко т.б. еңбектерінің нəтижесі
тек орыс фразеологиясының теориясы мен практикасына ғана пайдалы
болған жоқ, басқа да тілдердің фразеологиясына алдымен оның ғылым
ретінде қалыптасуына жəне пəн ретінде жеке сала болып зерттелуіне игі
əсері болды. Ал орыс фразеологиясының соңғы ғылыми бағыттары ұлт
мəдениетіне тікелей қатысты бірнеше ғылым тоғысында орындалатын
жаңа зерттеулерді қамтиды.
Қазақ фразеологиясының
ғылыми
пəн ретінде қалыптасуы мен да-
муы алдымен ұлт тілінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Қазақ тілі
аса көркем поэтикалық бейнелілігі жəне синонимдердің молдығымен
назар аудартады. Қазақ халқының дəстүрлі шешендік сөз өнерінің алтын
тұғыры болған мақал-мəтелдер мен тұрақты тіркестер, бейнелі тұрақты
метафоралар қай кезде болмасын басқа жұртты таң қалдырған.
В.В.Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий» (СПб.,1899),
Л.Будаговтың «Сравнительный словарь турецко-татарских наречий»
(СПб.,1869) еңбектерінде қазақ тілінен жиналған мақал-мəтелдер мен
тұрақты тіркестер тобы кездеседі.
Фразеологизмдер сөйлеу жəне жазба тілде бағалауыштық қызметімен
ерекшеленіп, өзіндік бейнелі, эмоционалды-экспрессивті жағынан ай-
тушы мен тыңдаушы арасында жай хабарласу, ойды көркем жеткізу ғана
құралы емес, түрлі сезімдік жақтарына əсер ету мүмкіндігіне ие болатын
бірліктер ретінде танылады.
Фразеологизмдердің мұндай ерекше қасиетіне қазақ тіл білімінде
І.Кеңесбаев назар аударған. Алғаш рет «Қазақ тілінің идиомдары мен
фразалары». (Халық
мұғалімі, 1946, №1-2, 39-42 б., №3-4, 42-50 б.
жəне орыс тілінде жарық көрген «О
некоторых фразеологизмах в
19
казахском языке») – Изв. АН. Каз.ССР, №135, сер. филолог. и искусство-
вед., вып.1-2, Алма-Ата, 1954, с. 6-27) деген мақалаларынан басталған
ғылыми зерттеулер қазақ фразеологиясының
бастапқы теориялық
діңгектері деуге болады.
І.Кеңесбаев мақалаларынан кейін жарық көрген басқа да зерттеулер
– қазақ фразеологиясының теориялық жəне
қолданбалы жақтарына
өзіндік үлес қосқан еңбектер.
Фразеологизмдердің зерттелу тарихын хронологиялық тəртіппен
жүйелесек, онда 70-жылдарға дейін де қазақ тіл білімінде фразеоло-
гизмдер жекелеген ғылыми ізденістердің зерттеу нысаны болды. Мəселен,
көркем əдебиеттегі фразеологимздер (Х.Қожахметованың «Ғ.Мұстафин
шығармаларындағы фразеологиялық оралымдар» деген кандидаттық дис-
сертациясы. Алматы, 1967), аудармадағы фразеологиялық құбылыс тура-
лы (Ө.Айтбаевтың «М.Горький шығармаларындағы фразеологизмдердің
қазақ тілінде берілу жолдары» – кандидаттық диссертациясы. Алматы,
1971). ғылыми ізденістерді атауға болады.
Фразеологиялық мысалдарды жинау – таза шығармашылық еңбек.
Бір есептен бұл тура ауыз əдебиетінің үлгілерін жинаумен бара бар.
Тұрақты тіркес мысалдарын ауызекі сөйлеу тілінен, көркем əдебиеттен
жинауға сандаған жылдар кетеді. Мұның нəтижесі – түркітануда алғаш
рет 1977 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан І.Кеңесбаевтың
Достарыңызбен бөлісу: