жүргізушіні таныстырады. Туристер экскурсия тақырыбын алдын-ала білу керек. Әрбір
тақырыптың кіріспесі әртүрлі болады. Кіріспе туристік топ кұрамына байланысты болады.
Экскурсия өткізуде карточка қолдануға болады. Карточка белгілі бір тақырып бойынша
экскурсия өткізуге қолайлы, ол маршруттағы әр нысанға жасалады.
Карточканы 3 түрлі әдіспен жасауға болады:
-
онда дәйексөз (цитата) қолданылады;
-
әдістемелік нұсқаулар немесе экскурсияны жаңалап отыратын экскурсиялық
мазмұн.
-
әңгімелеудегі көмекші сөз.
Карточканы қолдану экскурсоводқа күш-жігер беріп қана қоймай, өзін-өзі ұстай білуіне
де көмектеседі.
Экскурсанттардың сұрағына экскурсия біткеннен кейін жауап беруге болады.
Себебі: қойылған сұрақтарға экскурсанттардың өздері экскурсия барысында жауап алуы
мүмкін немесе кейбір қойылған сұрақтар тақырыпқа байланысты емес болуы да мүмкін, ал
ондай сұрақтар экскурсанттардың экскурсия барысында нысанды ұқыпты қарамағандықтан
немесе тыңдамағандықтан болуы мүмкін. Экскурсанттарға түсінікті болуы үшін әр
тақырып соңында қорытынды жасап отыруға болады.
2.Туристтердің автобустан шығу және кіру ережелері.
Туристерді экскурсиондық
объектіге жақындағанда автобустан шығуға дайындау керек. Әйтпесе, туристердің
жартысы автобустан шығып, объектке қарай кетеді, ал 2-ші жартысы автобустың ішінде
қалады. Экскурсияның басында қанша аялдама болады және қай жерлерде болатынын айту
керек. Автобус тоқтаған кезде, экскурсовод автобустан 1-ші шығады, барлық
экскурсанттарды жинап, экскурсияның бағытын көрсетеді. Автобус санитарлық немесе
әртүрлі сувенирлерді сатып алу үшін тоқтаған кезде экскурсовод автобустың жүретін
уақыты қысқарса, немесе созылып кетсе, барлық өзгерістерді экскурсанттарға айтуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: