мақсаттары бар. Турбаза демалушылар үшін қоршаған айналасымен танысу,
демалу орнына дұрыс бағыт табу. Бұндай экскурсияларда фауна, флора
объекттерімен танысады. Әр табиғи объектіне паспорт толтырылады:
-Аты-жөні (Орман, өзен, тау…).
-Географиялық орны, кімнің қарауында.
-Объекттің сипаттамасы.
-Пайда болған кезі, құрылған уақыты.
-Көлемі, маусымдық ерекшелігі (мысалы, үңгірдің су алу кезі).
-Флора, фаунасы.
-Объекттің маңызы (ғылыми, туристік, шаруашылық).
-Қосымша мәлімет.
-Әдебиет.
Табиғи экскурсияларды дайындау үшін көптеген деректер зерттеледі:
құқықтық база, арнайы өлкетану әдебиеттер, өсімдік анықтауыштар,
жергілікті жердің картасы мен схемасы, туристік жорықтың техникасына
арналған әдебиет және қауіпті өсімдіктің түрлерімен танысу. Маршрутты
құрғанда қауіпсіздік жерлерді таңдайды. Көрсету орнын алдын-ала, маусым
ерекшелігін еске ала тұрып таңдайды. Табиғи экскурсия танымдықты
ынталандырады, денсаулықты нығайтады, көңіл күйді көтереді, қоршаған
ортаға қамқорлықпен қарауды тәрбиелейді. Табиғи экскурсиялардың
тақырыбы алуан түрлі болуы керек. Оны туристер мен қатысушылардың
құрамына сәйкес түрлендіруі қажет. Сол себепті әр түрлі өлкетанушы
мамандармен, мекемелермен байланысты ұстап тұруы керек: оқу, зерттеу
мекемелерімен, қорықтармен, ұлттық саябақтармен, мұражайлармен,
зообақтармен,
ботаникалық
бақтармен,
туристік
фирмалармен,
метеостанциялармен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: