арқылы азаматтық-ұлттық асыл қасиеттерге, патриотизмге тәрбиелеу. Тарихи
дәуірлерге талдау жасап, сол кезеңнің ғылымына, мәдениеті мен өнеріне, ұлы
тұлғаларына, соғыс жағдайы мен оқиғаларға тоқталады. Сондықтан, тарихи
пәндер үшін арнайы экскурсиялық бағдарламалар жасалып, мәдени-мұра
нысандарына экскурсиялар ұйымдастыру, тарихи-археологиялық
орындар
мен оқиға болған жерлерге бару, ескерткіш орындарды көру сабақтың
білімділігі мен мамандардың біліктілігін арттыра түседі.
Мазмұнына қарай тарихи экскурсия тарихи-өлкетанулық, археологиялық,
этнографиялық, тарихи-әскери,
тарихи-биогеографиялық, тарихи-мұражай
экскурсиялары болып бөлінеді.
Әдеби экскурсияларға
дәл біздің қазіргі қоғамдағы жеткіншектер мен
жастар мұқтаж. Өйткені, ол рухани дүниелерін
байытуға, оқуға деген
құштарлықтарын арттырып, қалыптастыруға, дамытуға өте қажетті.
Сондықтан, әдебиетіміздің қалыптасып
дамуындағы тұлғалар туралы,
олардың шығармалары жайлы ақпараттар көркем әдебиетке деген
қызығушылықты туғызып, ақын,-жазушыларымыз бен драматургтер
еңбектеріне терең үңіліп,өмір және еңбек жолдарын тағылым етуге,
оқуды
насихаттауға арналады. Әдеби экскурсиялар әдебиет тарихына арналған және
әдеби өмірбаяндық, көркем әдебиет (шығармашылық) түрлерге бөлінеді. Кез-
келген жастағы және білімі әр түрлі дәрежедегі адамдарға түсінікті
болатындықтан білімділік құндылығы аса жоғары болады. Олар барлық
тыңдаушыларға терең эмоциялық әсер бере алады. Эстетикалық
қызығушылық бере отырып, бұл экскурсиялар адамды рухани, адамгершілік
және жан-жақты тәрбиемен байытады. Әдеби экскурсия – ол негізінен
мынадай топтардан тұрады:
-
әдеби-библиографиялық,
ол
көбінесе
ақын-
жазушылардың
шығармашылық өмірі жайлы естеліктер
мен ескерткіштер бар
орындарда немесе сол адамдардың тұрған үйлерінде өткізіледі;
-
әдеби-тарихи, белгілі бір ұлт өкілдерінің және ұлттық немесе халық
әдебиетінің даму кезеңдері бейнеленеді;
-
әдеби-көркемсурет, поэтикалық тақырыптағы экскурсия.
Достарыңызбен бөлісу: