Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі


 Сөз құрамын оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет51/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73
5. Сөз құрамын оқыту әдістемесі 
1.
Сөз құрамын меңгеру ісінде кездесетін мақсат-міндеттер 
2.
Сөз құрамын оқу әдісінің жүйесі. 
3.
Түбір мен түбірлес сөздерді таныту. 
4.
«Қосымша» туралы ұғымды түсіндіру және оқыту әдісі. 
Сөз құрамы – арнайы мектепте 5 сынып оқушылары үшін ерекше мәні бар 
әрі қиын тақырып. Сөздің мағыналы бөлшектерінің (морфемаларының) 
ұғымын жетік меңгеру процесі оқушылардың абстракциялы ойлауының 
дамуын, тіл фактілерін бақылап, оған талдау жасай алуын және мұғалімнің 
жетекшілігі арқылы өздігінен қорытындыға келе білуін талап етеді. 
Ал, морфемаларды (бөлшектерін) оқып білудің, толық меңгерудің маңызы 
мынада: 
Біріншіден, сөз құрамы жөнінен теориялық материалмен танысу 
балалардың тіл туралы білімін кеңейтеді. 
Екіншіден, сөз құрамын оқып үйрену оқушының орфографияны толық 
меңгеруіне, сауатты жаза білуіне негіз қалайды, өйткені қазақ тілі түбір 
сөздерін дұрыс жазу ережелері морфологиялық принципке негізделеді. 
Балалар сөз құрамы жөнінен үйренген теориялық білімдері мен сөзге талдау 
жасау арқылы меңгерген біліктерінің негізінде түбір сөзді және оған 
жалғанатын қосымшалардың дұрыс жазу заңдылықтарын саналы түрде бірте-
бірте меңгере түседі. 
Үшіншіден, сөз құрамын меңгерту мен сөз жасау тәсілдеріне жаттықтыру 
оқушылардың сөз тануға деген назары мен ынтасын аударады. Сөздің мәніне 
терең түсініп, дұрыс қолдана білуге, сөз мағынасы мен формаларының ара 
қатынасына зейін аударуға дағдыланады. 
Төртіншіден, сөз құрамы бөліктерін үйретумен байланысты балалардың 
сөздік қоры байиды, сөз тіркестерінің байланысын табуға және өз ойларынан 
сөз тіркестерін жасауға, сондай-ақ сөйлем құрау дағдысына машықтану 
арқылы оқушылардың ауызша, жазбаша сөйлеу мәдениеті дұрыс 
қалыптасады, орфоэпиялық норманы сақтап мәнерлеп оқуға және таза 
сөйлеуге үйренеді. Сайып келгенде сөз құрамы тақырыбынан алғашқы 
ғылыми ұғымдарды меңгеруі, дағды алуы арқылы кем балалардың дүние 
танымының саналы қалыптасуына негіз болады. 


«Сөз құрамы» 5 және 8 сыныптарда өтіледі. 5 сыныпта түбір, қосымша, 
жалғау, жұрнақ, туынды сөз; 6-8 сыныптарда біріккен сөздер, қос сөздер, 
қысқарған сөздер деген грамматикалық ұғымдар меңгертіліп, олардың 
мағыналары, жасалу жолдары, жазылу емлелері үйретіледі. 
Сөз құрамын (морфемаларды) меңгерту төмендегідей міндеттерге жетуіді 
көздейді: 
1.
Жүйелі практикалық жұмыс процесінде оқушылардың түбір, жалғау, 
жұрнақ деген ұғымдарды саналы меңгеруі қамтамасыз етіледі. 
2.
Оқушыларды 
сөзді 
бөлшектерінде 
талдай 
алу 
іскерлігіне 
машықтандыру, яғни сөздің түбірін, жұрнақ, жалғауларын тану, берілген бір 
сөзге түрлі-түрлі жұрнақ жалғап түбірлес сөздер жасау, бір ғана жұрнақ 
жалғанған әр алуан түбірі бар сөз табу сияқты көптеген жаттығу жұмыстары 
атқарылады. Сөйтіп, түбір формасы бірдей, мағынасы басқа сөздерді 
түбірлес сөздерден, ал, түбірлес сөздерді омонимдер мен көп мағыналы 
сөздерден ажырата білуге үйренеді. 
3.
Оқушылар орфографиямыздың морфологиялық принциптің мәнімен 
танысады. 
4.
Оқушыларға дұрыс жазу ережелерінің негіздерін білдіріп, олардың өз 
сөздерінде өте жиі қолданылатын қосымшаларды пайдалануға назар 
аударылады. 
5.
Балаларға жаңа сөз жасату, лексикалық жаттығулар жүйесінде олардың 
актив сөздігін байыту, творчестволық сипаттағы тапсырмалар орындату, 
байланыстырып сөйлеуге үйрету міндеттерін шешу де көзделеді. 
Сөз құрамы тақырыбын өткенде, алдымен морфемалардың өзіндік белгісі 
практикалық жұмыс үстінде аңғартылады, содан соң ғана грамматикалық 
белгілі ұғымның анықтамасы түсіндіріледі. 
Бұл – бақылау әдісіне негізделген жекеден жалпы ұғымға – қорытындыға 
әкелетін жол, яғни индуктивтік жолмен жұмыс жүргізгендікке жатады. Ал,
5-8 сынып оқушыларының психологиялық ерекшелігі дербес бақылаудан, 
типтік фактілерді талдаудан жинақ қорытындыға келіп, ереже-
анықтамаларды үйренетін осы индуктивтік әдіспен жұмыс істеуді қалайды. 
Өйткені балалардың абстракциялы ойлау қызметі өте нашар дамиды. 
Сөз құрамының анықтамаларымен таныстыру әдістемесі түбір мен 
түбірлес сөздердің байланыстарын бақылату әдісімен түсіндіріледі. Әр түрлі 
қосымшалардың жалғануымен бір түбірден өрбіген сөздер бір-бірімен 
салыстырыла талдатылады. Содан кейін барлық түбірлес сөздердің ортақ 
бөлімі – түбір танылады. 


Бұл арада сөздің сырт пішінінде, әсіресе оның бастапқы бөлімінде 
құрылымдық жағынан ұқсастығы бар сөздерді оқушылардың түбірлес сөздер 
деп шатастыратынын ескерген жөн. Сөздер түбірлес болу үшін, ондай 
сөздердің барлығына мағынасы ортақ бір сөздің негіз болып тұрғандығына 
нанымды мысалдар кетіру керек. 
Одан әрі қосымшаның сөз мағынасын өзгертетін және сөздің тек 
формасын түрлендіретін екі түрі болатыны түсіндіріледі. Бұл да жаттығу 
жолымен меігеріледі. Ол үшін бір түбірге әр түрлі септік жалғауы жалғанып 
мәтінге ендіріледі де, сол сөздер таптырылып, жалғаудың сөз мағынасын 
өзгертпей тек сөз бен сөзді байланыстырып қана тұрғаны көрсетіледі. Ал, 
жұрнақты таныстырғанда, бір түбірге әр алуан жұрнақ жалғап әлгі сөздің 
мағынасы түрліше болып өзгергені байқалады. 
Сөйтіп, жұрнақ сөз құрамының мағына түрлендіретін бөлшегі деген 
қорытынды шығарылады. Сонымен сөздің негізгі бөлімі – түбір, жаңа сөз 
тудыратын бөлім – жұрнақ, сөз тудармайтын бөлімі – жалғау деген түйін 
жасалады. Бұлардың түбірге жалғану реті және бірінің үстіне бірінің еселеп 
те жалғана беретіні мысалдар арқылы көрсетіледі. 
Оның бірінші бөлімі бір сөзге әр түрлі қосымша жалғанатын, ол 
қосымшалар өзі жалғанған сөзді сөйлемдегі басқа бір сөзбен байланыстырып 
тұратыны байқатылады. Екінші мысалдан түбірге қосымшалардан жалғану 
тіртібі көрінеді. Түбірге алдымен жұрнақ, одан соң жалғаулар үстемелеп 
жалғанатыны талданып, таныстырылады, 
Шолпан жайлау-ды көрді 
» - ға шықты 
» - да болды 
» - дан қайтты 
Сөздің түбірге жалғанатын бөлшегін қосымша дейміз. 
7 сыныпта өтілетін сөз құрамы тақырыбы бойынша үйретілетін білім 
мазмұны мынадай: түбір сөз, яғни негізгі түбір, қосымшалы сөз, қосымша, 
бір түбірге қосымшаның жуан не жіңішке болып жалғантын емлесі, 
қосымшаның, жұрнақ және жалғау болып екі түрге бөлінетіні, туынды сөз, 
қосымшалардың сөзге жалғану тәртібі. 
Түбірмен таныстырғанда, мысалға алынатын сөздің оқушылардың таныс 
заттың атын білдіретін сөздер болуы ескерілетін. Ал, қосымшалардан 
оқушылардың тез түсінуге қолайлысы – көптік жалғаулар. 
«Гүл, күн» дегенімізде бір гүл, бір күн деген ұғымды түсінеміз. Оларға 
«дер» қосымшасын жалғап айтқанда, гүлдің де, к,ннің де саны әлденешеу, 
көп деген мағына пайда болды. «Енді осындай сөз мағынасын көптік мән 


беретін қосымшаны өздерің ойлаған сөздеріңе жалғап, қандай өзгеріс пайда 
болғанын байқаңдаршы» - деп, мұғалім балларға өздік жұмысын орындату 
тәсілін қолданады. Сонда оқушылар жете таныс «кітап, дәптер, қалам» 
сияқты сөздер көптік жалғауларын жалғап айтып, сабақ материалын 
байытуға өз үлестерін қосады. 
Бұл арада көптік жалғау деген термин әзір аталмайды. Бірақ көптік 
жалғауды таныту қызметіне дайындық жасалып, балаларға оны практикалық 
тұрғыдан байқату, түсіндіру мақсаты жүзеге асырыла бастайды. Одан әрі 
қарай қосымшалардың түр-түрі кездесетін сөздер арқылы қосымшалы сөз 
жасалатыны көрсетіледі. Қосымшалардың сөзді түрлендіретіні және 
сөйлемдегі сөздерді бір бірімен байланыстырып, сөйлем құруға қызмет 
ететіні бірте-бірте танытылады. Сонымен, бұл тақырыптан оқушылар сөздің 
өзгермейтін бөлігін негізгі түбір (түбір сөз), сөздің тапсырмаларын 
орындатқанда, түбір сөздің қосымша сөзге айналдыру, қосымшалы сөзден 
түбірді таптыру немесе берілген сөздерден лайық қосымшаларды тауып 
жалғап жазу міндеттері орындалады. Осы жұмыстарға байланысты түбір мен 
қосымшаға байланысты емле мәселесі де ескеріліп, үйретіледі. Демек 
түбірдегі дауыстылардың жуан не жіңішке дыбыс болуларына қарай 
қосымшалардың да жуан немесе жіңішке болып жалғанатындығы, ал, 
түбірдің соңғы дыбысынан басталып, үйлесіп жалғасатынына мысалдар 
арқылы бақылатып, жаздырып түсіндіріледі. Мысалы, ән, оқу, аң сөздеріне – 
шы, -ші қосымшаларының, біл, айт, жаз сөздеріне – қыш, -ғыш, -гіш 
қосымшаларының лайықтысын жалғау жөнінде тапсырма беріледі. 
«Жұрнақ пен жалғау» параграфында берілген жаттығуларды орындата 
отырып, оқушыларды қосымшасыз сөз, қосымшалы сөз деген ұғымнан нақты 
білімге қарай жетелеп, сол қосымшаның мағыналарын байқату жолымен 
жұрнақ, жалғау деген ұғымға әкелеміз. Әуелі жұрнақ таныстырылады. Ол 
үшін түбір мен жұрнақты сөздің мағыналары салыстырылады. Оны әр сөзге 
әр түрлі жұрнақ жалғап та, немесе бір сөзге әр түрлі жұрнақ жалғап та 
байқатуға болады. Мұнда алынатын сөзіміз деректі заттың аты болуы тиіс. 
Мысалы, су – сушы, сулы, сусыз, судай... Бұл ұғымға оқушылар түсінген 
кезде, сөз мағыналарын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз деген ереже 
беріледі. Одан әрі жалғаулардың мағынасы мен қызметі түсіндіріледі. Бұл 
арада бір сөзге бірде жұрнақ, бірде жалғау жалғап салыстырылады. Сөйтіп 
жалғаудың сөз мағынасын өзгертпей, сөйлемдегі сөзбен – сөзді 
байланыстыратын қосымша екенін оқушылардың көзі жетеді. Бұдан соң 
түбір сөз бен оған жұрнақ жалғанған сөзді қатар алып, екеуінде де мағына 
бар екені, бірақ өзге мағына екендігі байқатылады. Мал – малшы, етік – 


етікші, балық – балықшы....Осыдан кейін түбір сөзге жұрнақ қосылуы 
арқылы жасалған сөзді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет