62
4-Тарау. Жасуша туралы ілім (жалпы цитологияның негіздері)
цитоканка элементтері (микротүтікшелер, микрофиламенттер және аралык
филаменттер) жаткызылады.
Мембраналық органеллалар
Жасуша мембраналарынык күрылымдык-химиялык сипагтамасы
Жасуша мембраналарына
плазмолемма, ядро қабығы, митохондриялардың,
эндоплазмалық тордың, Гольджи кешенінің, лизосомалардың
және
перо-
ксисомалардың
мембраналары жатады. Бүкіл мембраналардың жалпы сипаты-
на олардың бәрі жіңішке (6—10 нм) липопротеинді кабаттар (нәруыздармен
кешен құраған липидтер) (4.2-сурет) болуы аркылы жаткызуға болады.
Жасуша мембраналарының негізгі химиялык
компоненттеріне липидтер
(40%) және нәруыздар (60%) жатады; сонымен катар, біркатар мембраналарда
көмірсулар (5-10%) аныкталған.
Суда нашар еритін (гидрофобтылык), органикалык еріткіштерде және
майларда жақсы еритін (липофильділік) органикалык заттардың үлкен тобы
липидтерге
жатады. Липидтердін кұрамы әр түрлі мембраналарда әркалай бо
лады. Мысалы, эндоплазмалык тордың және митохондриялардың мембрана-
ларынан плазмалык мембрананың ерекшелігі, ол холестеринге бай болады.
Жасуша мембраналарында кездесетін липидтердін
ішінде көбінесе фосфоли-
пидтер (глицерофосфатидтер), сфингомиелиндер және стероидты липидтер-
ден — холестерин аныкталады.
Липидтердің ерекшелігіне олардын молекулаларының әр түрлі екі
функционалдык бөлікке бөлінуі жатады, атап айтсақ,
май кышкылдарынан
тұратын гидрофобты полярлы емес, заряды («кұйрыктары») жок және
гидрофилді, зарядталған полярлы «бастары» болады. Бұл липидтердің
калындығы 5—7 нм екі кабатты (билипидті) мембраналык күрылымдарды
өздігінен түзеу кабілетін калыптастырады.
Мембраналар нәруыз молекулаларының кұрамымен де ерекшеленеді.
Мембраналык
нәруыздардың
көбі екі бөліктен түрады — полярлы (зарядты)
амин кышкылдарға бай аймакты және полярлы емес амин кышкылдармен —
глицин, аланин, валин,
лейцин-
дермен — байытылған аймакты.
Мембраналардын липидті кабатта-
рында орналаскан кезде мұндай
нәруыздардың полярлы емес аймак-
тары
липидтердін
гидрофобты
аймағы орналасатын мембрананын
«майлы» аймағына батырылып жа
тады.
Осы нәруыздардын полярлы
(гидрофилді) бөліктері липидтердін
бастарымен
әрекеттеседі
және
сулы фазаға карай бағытталады.
Бүл нәруыздар мембрананы тесіп
өтеді, оларды мембрананын ин-
тегралды нәруыздары деп атайды.
4.2-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: