27
кеңігенде (аортоаpтериит, мерездік мезаортит, аорта аневризмасы), диастола
кезінде сол қарыншаға қайта құйылған қан көлемімен оған күш түседі.
Субъективті симптомдары: басының шулауы,
онда пульсация сезіну,
стенокардия синдромы, дене қалыбын өзгерткенде дамитын бас айналулар
мен естен танулар.
Объективті: тері жамылғылары қуқыл, ірі артериялар пульсациясы,
капиллярлар пульсі, жүрек ұшы түрткісінің секірмелі,
биік болуы, жүрек
шектерінің солға және төмен ығысуы, тез көтерілетін, биік, үлкен пульс,
жоғары пульстік қысым, диастолалық қысымның төмендеуі, Мюссе
симптомы (әр систолада басы артқа шайқалады). Жүрек аускультациясында
эпицентрі оң II қабырға аралықтағы және Боткин нүктесіндегі диастолалық
шу, науқас
отырғанда немесе тұрғызып, еңкейткенде күшейеді, тынысты
алғанда шу әлсірейді, аортаның салыстырмалы шамасыздығына байланысты
дамитын систолалық шу, жүрек ұшында I тонның, аортада II тонның
әлсіреуі, Флинт шуы, ірі тамырлардағы Виноградов-Дюрозьенің қос шуы.
ЭКГ сол қарынша гипертрофиясы, сол жүрекшеге
гемодинамикалық
күш түсу, стандартты, сол кеуде тіркемелеріндегі патологиялық Q тісшесі
(сол қарыншаға көлемдік күш түсуіне байланысты). Рентгендік зерттеуде:
жүректің аорталық конфигурациясы, сол қарынша ұлғаюы, өрлеме аорта
доғасының кеңеюі, рентгеноскопияда сол қарынша мен аортаның терең және
тез пульсациясы.
ЭхоКГ оралған қан ағымының ұруынан (соққысынан) митраль
қақпақтарының алдыңғы жармасының вибрациясы, кейде аорта қақпағының
өзгерістері байқалады. Допплерлік түсті ЭхоКГ қанның диастолалық ағымы
аорта
қақпақтарының өзінен басталып, диастоланың ең басында, аорта
қақпақтары жабылысымен тіркеледі [3,4,10,13].
Достарыңызбен бөлісу: