Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет19/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51
Байланысты:
1e012f37-1426-4f49-b78c-28feddbb2807 Сартаева ҚА-оқу құралы жүрек шулары-2018

 
Сифилистік мезаортитте
диастолалық шу үрлемелі болса (төс 
сүйегінің оң жағында II қ/а), инфекциялық эндокардитте – дөрекі және 
эпицентрі – Боткин-Эрб нүктесінде. Диагноздық критерийлерін келесі 
беттерден қайталаңыз: ревматизмдік қызба (19 бет), инфекциялық 
эндокардит (19 бет). 
Екінші тыңдау нүктесіндегі (аорта үстінде) систолалық-
диастолалық шу
 
аорта ақауларының жұптасуында естіледі, 
(олар үшеу) 
саналады:

жұптасқан аорталық ақау, шамасыздығының басымдылығымен; 

жұптасқан аорталық ақау, стенозының басымдылығымен; 

жұптасқан аорталық ақау, басымдылығы жоқ. 
Бұл жұптасқан ақауларда басым түрінің клиникасы жетекші болады, 
сонымен қатар, екіншісінің де көріністері анықталады. Негізгі себептері: 
ревматизмдік қызба [12].
 


28 
Үшінші тыңдау нүктесі 
 
Үшінші тыңдау нүктесіндегі (өкпе артериясы) шулармен
 
сипатталатын нозологиялық бірліктердің дифференциялық диагнозы 
 
Үшінші тыңдау нүктесінде естілетін систолалық айдау шуы
өкпе 
артериясы сағасының тума стенозына тән
.
Ақау сәби жастан белгі береді: 
физикалық күштемеде ентігу, жүрек қағуын сезу, жүрек аймағында 
ауырсынудың болуы. Пальпацияда төстің сол жағында, II қ/а пульсация және 
систолалық діріл сезіледі. Өкпе артериясы үстінде II тон әлсіреген, 
жарықшақталған, кейде аорталық компоненттің жақсы өткізілуіне 
байланысты қалыпты болуы да мүмкін, систолалық шудың эпицентрі – 
төстің сол жағынан II қ/а (I қ/а-та III қ/а-қа қарағанда күштірек естіледі), сол 
бұғана мен мойынның сол бөлігіне, сол қолтық астына қарай өткізіледі, 
арқасынан сол жауырын ұшында да жақсы естіледі [3,4,17,18].
ЭКГ оң қарынша мен оң жүрекше гипертрофиясы айқын.
 
Үшінші тыңдау нүктесінде естілетін систолалық айдау шуы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет