Байланысты: 1e012f37-1426-4f49-b78c-28feddbb2807 Сартаева ҚА-оқу құралы жүрек шулары-2018
күре тамырлардың стенозында күре тамырлардың стенозындағы систолалық шу да II қ/а (жалпы жүрек аймағында) естілуі
мүмкін, асығыс тұжырым жасамас үшін, тамырларды пальпациялап, екі
жағын да салыстыра тыңдау керек.
Үшінші тыңдау нүктесінде диастолалық регургитация шуы (Грехэм- Стилл шуы) – өкпе артериясы қақпақтарының салыстырмалы шамасыздығында кездеседі, оның себептері:
митраль стенозы, жүрекше аралық перде дефекті, Эйзенменгер синдромы, сонымен қатар, кіші шеңбер гипертензиясы. Шудың эпицентрі – сол II қ/а, аорта қақпақтарының
шамасыздығымен салыстырғанда әлсіздеу, ешқайда тарамайды. ЭКГ: оң
қарынша гипертрофиясы, ЭхоКГ – оң камералардың ұлғаюы нақталады [4].
Эйзенменгер синдромының диагноздық ізденісінде қарынша аралық
дефекке тән клиника дамитынын, бірақ қарынша аралық дефект жоғары
орналасқандықтан, систолалық шу II-III қ/а естілуі мүмкіндігін есепке алу
керек [4].
Төстің сол жағында II-III қ/а
систолалық-диастолалық шудың естілуі –
ашық артериялық өзекке тән, сәбиді физикалық күштемедегі ентігу, жүрек
қағуын сезу, жүрек аймағында ауырсынудың болуы мазалайды. Объективті:
тері жамылғылары қуқыл, II-III қ/а-та систолалық діріл, пульстік қысымның
жоғарылауы, сол жерде – систолалық-диастолалық – үзіліссіз машина шуы
естіледі (эпицентрі – II қ/а, тынысты ішке алғанда күшейіп, (Вальсальв
сынамаларында) күшенгенде әлсірейді, тіптен жойылады).
30
ЭКГ: сол қарынша гипертрофиясы.
Рентгендік зерттеуде: жүректің митраль пішіні, сол жүрекшенің
мардымсыз үлкеюі, сол қарынша ұлғаюы, аорта кеңеюі, өкпе артериясы сол
тармағының ұзаруы мен шығыңқылығы, гиперволемия (өкпе түбірі және
тармақтар бойымен артериялық тамырлардың кеңеюі).