Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет22/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
Байланысты:
1e012f37-1426-4f49-b78c-28feddbb2807 Сартаева ҚА-оқу құралы жүрек шулары-2018

Төртінші тыңдау нүктесі 
Семсерше өскінше үсті – төртінші тыңдау нүктесіндегі 
шулармен 
сипатталатын нозологиялық бірліктердің дифференциялық диагнозы 
Төртінші тыңдау нүктесіндегі
систолалық регургитациялық шу үш 
жармалы қақпақ шамасыздығында
дамуы мүмкін. Оның себептері: 
үшжармалы қақпақтың ревматизмде, инфекциялық эндокардитте, эндокард 
фиброзында, карциноид синдромында зақымдануы және митраль, аорта 
ақауларының “үшжармаланауы”. Қарағанда веналардың пульсациясы
эпигастрий аймағындағы пульсация тән, перкуссияда абсолютті тұйықтық 
шегін анықтаудың маңызы зор, себебі систолалық шу жаңылыс митраль 
себепті шуға саналуы мүмкін. Шудың эпицентрі әдетте семсерше өскіншенің 
ұшында немесе төс сүйегінің сол жағында V қабырға аралықта (ұлғайған оң 
қарыншамен жүректің алға ығысуынан қақпақтар проекциясының өзгеруі 
себебінен). Шу арқаға тарамайды, оның тынысты ішке алғанда күшеюі 
(Rivero-Corvallo симптомы) – регургитация көлемінің ұлғаюына байланысты 
болады. Шудың салыстырмалы немесе органикалық екендігін (митраль 
стенозда, аорталық ақаулар декомпенсациясында) науқас төсегінің қасында 
ажырату өте қиын. Дегенмен, тынысты терең сыртқа шығару кезінде 
үшжармалы стенозға тән диастолалық шуды естуге тырысу керек, сонда 
систолалық шудың органикалық табиғаты дәлелденеді (жұптасқан 
үшжармалы ақаулар) [4,5,17,18].
 
ЭхоКГ: оң қарынша дилятациясының белгілері анықталады. 
Допплерографияда үшжармалы регургитация тереңдігі (оң жүрекшеге) түрлі 
бойлаумен анықталады, кейде бұл ағым төменгі қуыс венаға және бауыр 
веналарына дейін бойлайды, сонымен қатар, қан ағымының жылдамдығы 
қалыпты көрсеткіш – 1 м.с
-1
жоғары болады. 
Төртінші тыңдау нүктесіндегі 
диастолалық шу 
оң жүрекше-
қарыншалық тесіктің стенозында (үшжармалы стеноз) естіледі, себебі 
негізінен ревматизмдік қызбалар, үшжармалы стеноз митраль ақаулармен жиі 
комбинацияланады. Клиникасында оң қарыншалық шамасыздық көріністері 
айқын. Шудың эпицентрі – семсерше өскіншенің үсті, немесе, төс сүйегінің 
сол жағы, ол – пресистолалық, шу терең тынысын ұстап қалғанда күшейеді.
Рентгендік зерттеуде: оң жүрекше ұлғаюы анық көрінеді. 
“Жалған үшжармалы стеноздағы” диастолалық шу оң жүрекшенің 
миксомасы себепті естіледі, бауырдың пульсациясы, мойындырық 


31 
веналарының томпаюы мен пульсациясы, дене қалыбын өзгерткендегі шудың 
өзгеруі тән [4,5,17,18].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет