Бұл орта факторларынатехнология, экономика жағдайы, әлеуметтік, мәдени, саяси факторлар, жергілікті ұйымдар мен қарым – қатынас т.б. жатады. Технология ұйымның ішкі факторы да бола алады. Технологиялық
жаңалықтар енгізу қандай жаңа өнім шығару және сату керек, қандай жаңа
қызметтер мен өнімдерді тұтынушылар ұйымнан күтіп отыр, т.б.сондай
мәселелерді шешуге көмек береді.
Әлемдік экономика жағдайы барлық кіріс ресурстарының құнына
және тұтынушылардың тауар және қызметтерді сатып алу мүмкіншіліктеріне
әсер етеді. Мысалы, егер инфляция жағдайы күтілетін болса, басшылық
ресурсзапастарының көлемін көбейтуі мүмкін, ал егер экономикалық
құлдырау жағдайы болжамданатын болса, ұйым дайын өнімнің санын
азайтады, неге дегенде оны өткізуде қиындықтар тууы мүмкін. Экономика
жағдайы ұйымның қаржы алу мүмкіндігіне өте күшті әсер тигізуі мүмкін.
Бірақ, экономика жағдайының өзгеруі кейбір ұйымдарға тиімді, кейбір
ұйымдарға тиімсіз әсерін тигізуі мүмкін.
Кез –келген ұйым кем дегенде бір
мәдени ортада әрекетте болады.
Сондықтанда, өмірлік құндылықтарды орналастыру,
әдет, ғұрып, салт, дәстүрлер сияқты әлеуметтік мәдени факторлар ұйымға өз әсерлерін тигізіп отыруы мүмкін. Саяси факторлар: 1.
ең бірінші саяси факторлар бұл әкімшілік заңды органдардың және
соттардың көңіл күйі. Бұл көңіл күйлер фирманың табыстарына салық салу,
салық жеңілдіктерін және жеңілдетілген сауда пошлиналарын анықтау
тұтынушыларды қорғау заңдылықтары т.б. өкімет әрекеттеріне әсерін
тигізеді.
2.
ерекше қызығушылар топтары мен лоббистер;
3.
саяси тұрақтылық.
Жергілікті халық пен қатынас. Әрбір қоғамдастық ұжымда белгілі бір
заңдар, бизнеске қатысты белгілеулер болады.
Оқытудың техникалық құралдары : интербелсенді тақта, слайдтар